Сұрақ-жауап
9077 Call-орталығы
А А Экран дикторы

19.05.2025

«Бәйтерек» холдингінде жаңартылатын энергетика саласындағы Қытайдың ірі инвесторымен кездесу өтті

Кеңес ал!

19.05.2025

«Бәйтерек» холдингінде жаңартылатын энергетика саласындағы Қытайдың ірі инвесторымен кездесу өтті

«Бәйтерек» холдингінде жаңартылатын энергетика саласындағы Қытайдың ірі инвесторымен кездесу өтті

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің Басқарма Төрағасы Рустам Қарағойшин жасыл энергетика саласындағы жаһандық көшбасшылардың бірі — Golden Concord Holdings Limited (GCL Group) компаниясының басшылығымен кездесу өткізді. Аталған компания Қытайдың жекеменшік бизнесінің топ-500 үздік өкілі және жаңа энергетика бағытындағы әлемдік топ-500 кәсіпорындар қатарына кіреді.

Кездесу «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ пен «Qaragandy Power Silicon» ЖШС арасындағы Сарыарқа арнайы экономикалық аймағында кремний кластерін құру жөніндегі өзара ынтымақтастық туралы Меморандум аясында өтті.

«Qaragandy Power Silicon» компаниясы GCL Group-пен серіктестікте электр энергиясын өндіру, кварцты өндіру, металлургиялық кремнийді шығару, сондай-ақ күн панельдері мен олардың құрамдас бөліктерін өндіруді қамтитын толық өндірістік цикл құруды жоспарлап отыр.

Кездесуге сондай-ақ Холдинг Басқармасы Төрағасының орынбасары Жандос Шайхы, сондай-ақ еншілес ұйымдардың – Қазақстанның Даму Банкі, Қазақстанның экспорттық-кредиттік сақтандыру агенттігі және Өнеркәсіпті дамыту қоры өкілдері қатысты.

Қытай тарапынан кездесуге GCL Group компаниясының негізін қалаушы және директорлар кеңесінің төрағасы Чжу Гуншань мырза және компанияның топ-менеджменті қатысты.

«Бәйтерек» холдингі кремний кластерін дамыту жобаларын еншілес ұйымдарының құралдары арқылы жан-жақты қолдауға дайын екендігін білдірді. Келіссөз барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы орнықты даму мен декарбонизация салаларындағы ынтымақтастықтың стратегиялық маңызы атап өтілді.

Холдингтің Басқарма Төрағасы Рустам Қарағойшин қытайлық әріптестерге Қазақстанға инвестиция салуға қызығушылық танытқаны үшін алғысын білдіріп, келесіні атап өтті:

«GCL Group секілді жасыл энергетика көшбасшыларымен бірлескен жобаларды іске асыру — Қазақстанда жаңа технологиялық және өндірістік база құру жолындағы маңызды қадам. Мұндай бастамалар Қытаймен экономикалық байланыстарды нығайтуға ғана емес, сонымен қатар елдеріміздің энергетикалық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ықпал етеді».

Алдағы уақытта тараптар орнықты өсім саласындағы мемлекеттік саясат пен бизнес үшін жоғары басымдыққа ие жобалар шеңберінде нақты инвестициялық шешімдер мен технологиялық жол карталарын бірлесіп пысықтауға көшуді жоспарлап отыр.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар