02.10.2026
- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
«Бәйтерек» холдингінде көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару және пайдалану, тұрғын үй қорын сақтау және кәсіби басқаруды дамыту мәселелеріне арналған Қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің, Астана қаласы әкімдігінің, Қазақстан Тұрғын Үй Компаниясының (ҚТК), энергетика ұйымдарының, сондай-ақ кәсіби және сарапшылық қоғамдастықтың өкілдері қатысты.
Негізгі назар тұрғын үй нысандарын салу кезеңінен пайдалану кезеңіне көшіру кезінде туындайтын жүйелі мәселелерге аударылды. Қатысушылар техникалық құжаттаманы беру, инженерлік инфрақұрылымды күтіп ұстау, ғимараттардың энергия тиімділігін арттыру және басқарудың цифрлық құралдарын енгізу мәселелерін қарастырды.
Сонымен қатар тұрғын үй саласын қолдаудың қолданыстағы мемлекеттік және қаржылық тетіктері, сондай-ақ басқарушы ұйымдар мамандарының кәсіби құзыреттерін дамыту мүмкіндіктері талқыланды.
Талқылау қорытындысы бойынша қатысушылар көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару тетіктерін жетілдіру, оларды пайдалану сапасын арттыру және тұрғын үй қорының ұзақ мерзімді сақталуын қамтамасыз ету бағыттарын қамтитын алдағы бірлескен жұмыстың негізгі бағыттарын белгіледі.