24.02.2023

«Бәйтерек» холдингінде Стратегиялық жоспарлау комитетінің отырысы өтті

«Бәйтерек» холдингінде Стратегиялық жоспарлау комитетінің отырысы өтті

2023 жылғы 22 ақпанда Холдингтің Директорлар кеңесінің мүшесі Дэниел А. Витттің төрағалығымен Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау комитетінің отырысы өтті. 

​Отырыс барысында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасы Холдинг қызметінің 2022 жылғы нәтижелері туралы есеп берді. Алдын ала деректерге сүйенсек, есепті кезеңдегі жұмыс қорытындысы бойынша Холдингтің таза пайдасы 320 млрд теңгені құрады, ал активтер мөлшері 12 935 млрд теңгені құрады.

Сонымен қатар, Комитет Холдингтің инвестициялық саясаты талаптарының өткен жылы орындалуы туралы ақпаратты қарады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ жалпы сомасы 1 956 млрд теңгеге экономиканың шикізаттық емес салаларындағы кәсіпорындарға қолдау көрсетті. Өткен жылмен салыстырғанда қаржылық қолдау көлемі 172,3 млрд теңгеге, яғни 9,6%-ға ұлғайған. Қолдау көрсетілген жобалар бойынша орташа даму индексі 2022 жылы 3,86 (жоғары) құрады.

Экономиканың жеке секторын дамыту мақсатында, 2022 жылы квазимемлекеттік сектор субъектілеріне немесе олармен үлестес заңды тұлғаларға жатпайтын 74 мыңнан астам компаниялар мен ұйымдарға 1 902,9 млрд теңге сомасында қолдау көрсетілді, бұл қолдау сомасының 97,3%-ы. Экспорт үшін өнім өндіріп, сатуды көздейтін кәсіпорындарға Холдинг көрсеткен қолдау нәтижесінде 2022 жылы экспорт көлемі 1 279,9 млрд теңгеден асты. 

2022 жылы энергетика, көлік-логистика салаларындағы 4 инфрақұрылымдық жобаны қаржыландыру басталды. Қаржылық қолдау сомасы шамамен 14,6 млрд теңгені құрады.

Нысаналы топтардың Холдинг қызметіне деген сенім деңгейін және нысаналы топтардың агроөнеркәсіптік кешен саласындағы және басқа да салалардағы мемлекеттік бағдарламалар туралы білуін бағалау мақсатында Холдинг жыл сайын зерттеу жүргізетінін атап өткен жөн. 2022 жылғы зерттеу қорытындысы бойынша АӨК субъектілері арасында Холдингтің қызметі туралы ақпараттандыру деңгейі жоғары (85,3%) екені белгілі болды. Сондай-ақ АӨК-ті қолдау бағытында іске асырылып жатқан шаралар оң бағаға ие болды (87,6%).

Қарастыру қорытындысы бойынша, Комитет Холдинг қызметінің 2022 жылғы нәтижелері туралы есепті, Холдингтің агроөнеркәсіптік кешен жобаларына қаржылық қолдауына клиенттердің қанағаттанушылығын зерттеу нәтижелері туралы талдамалық ақпаратты, Холдингтің 2022 жылғы халықаралық ынтымақтастығы туралы ақпаратты назарға алды, сондай-ақ Холдингтің Инвестициялық саясатыны талаптарының 2022 жылы орындалуы туралы ақпаратты мақұлдады және «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Директорлар кеңесіне назарға алуды ұсынды.


photo_2023-02-24_17-19-17.jpg


photo_2023-02-24_17-19-16.jpg

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар