Сұрақ-жауап
Шұғыл желі
А А

14.09.2023

Солтүстік Қазақстан облысында егін жинау жұмыстары ҚазАгроҚаржы СК Агро 2050 ЖШС- мен серіктестікте

15.06.2023

«Бәйтерек» холдингінде шахматтан турнир өтті

«Бәйтерек» холдингінде шахматтан турнир өтті
«KazakhExport» ЭСК» АҚ Қазақстандық шахмат федерациясының қолдауымен «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес компаниялары арасында шахмат турнирін өткізді. Іс-шара Холдингтің 10 жылдығына орайластырылды. 
фото 1.JPG
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев шахмат ойыны сәттілікпен байланысты емес екенін атап өтті. «Бұл жерде мүмкіндікке сенуге болмайды. Шахматты тек зияткерлік қабілеттердің арқасында жеңуге болады. Шахмат стратегиялық ойлау
қабілетін дамытады, оны балалар да, ересектер де ойнайды. Сондықтан бұл ойын Холдинг тобының қызметкерлері арасында танымал болғанына қуаныштымын», - деді Холдинг басшысы.
фото 2.JPG
Турнир аясында халықаралық гроссмейстер, Қазақстан шахмат федерациясының бірінші вице-президенті, Азия шахмат федерациясының вице-президенті Дармен Садвакасов бір мезгілдегі ойын сеансын өткізді. Ол Қазақстанда шахматты дамытуға көп көңіл бөлінетінін және осындай
турнирлер спорттың осы түрін насихаттауға ықпал ететінін атап өтті.
фото 4.JPG
Турнирге барлығы 22 қатысушы қатысты, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің шахмат бойынша мемлекеттік жаттықтырушысы, халықаралық гроссмейстер Нұрлан Ибраев бас төреші болды.
фото 5.JPG
Турнирдің жеңімпазы «Отбасы Банк» АҚ өкілі Ерқанат Мұсабаев, екінші орынды «Аграрлық кредит корпорациясы» АҚ өкілі Ренат Медыбаев, үшінші орынды «Bereke Bank» АҚ қызметкері Алдиар Мамиров иеленді.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлері естелік сыйлықтар алды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар