01.08.2024

«Бәйтерек» Холдингінде S&P өкілдерімен кездесу болып өтті

«Бәйтерек» Холдингінде S&P өкілдерімен кездесу болып өтті

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Ерсайын Хамитов Standard & Poor's (S&P) халықаралық рейтингтік агенттігінің өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында компанияның 10 жылдық стратегиялық көзқарасының негізгі аспектілері, оның Үкімет бастамашылық еткен бағдарламаларды іске асырудағы рөлі, еншілес ұйымдарды дамыту перспективалары, сондай-ақ алдағы жылдарға арналған дивидендтік саясат мәселелері талқыланды.

 2.png

S&P тарапынан кездесуге компания өкілдері Қазақстан бойынша Директор және жетекші талдаушы Гупта Захабия және EMEA секторының Басқарушы директоры және басшысы Гилл Френклин қатысты. «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ атынан Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ерсайын Хамитов пен Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Онжанов қатысты.

 3.png

Ерсайын Хамитов холдингтің жаңа даму жоспары экономиканың шикізаттық емес секторын қолдауға, кәсіпкерлікті дамытуға және тұрғындар үшін тұрғын үйге қолжетімділікті арттыруға бағытталғанын атап өтті. Қорытындылай келе ағымдағы макроэкономикалық жағдайларды ескере отырып дивидендтік төлемдер бойынша болжамдар айтылды.

 4.png

«Бәйтерек» бизнес пен мемлекет үшін белсенді әріптес бола отырып, Қазақстан экономикасын трансформациялауда шешуші рөл атқаруды жалғастырады. Біз қоғам алдындағы жауапкершілік қағидаттарына және экономиканың шикізаттық емес секторларында өсудің жаңа нүктелерін құруға және елдің ұзақ мерзімді әл-ауқатын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін стратегиялық көзқарасқа сүйене отырып, орнықты дамуға ұмтыламыз», - деп атап өтті Холдингтің Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ерсайын Хамитов.

Естеріңізге сала кетейік, холдингтің «3» деңгейінде ESG рейтингі және Sustainable Fitch-тен 57 балл, Fitch Ratings-тен «ВВВ» деңгейінде ұзақ мерзімді рейтингі және Moody's Investors Service-тен оң болжаммен Baa2/Prime-2 рейтингі бар.

Standard & Poor's (S&P) – бүкіл әлем бойынша инвесторлар мен кредит берушілер мойындаған тәуелсіз кредиттік қабілеттілік рейтингтерді, тәуекелдерді бағалауды және аналитикалық зерттеулерді ұсынатын ең ірі халықаралық рейтингтік агенттіктердің бірі.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар