23.10.2026
- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінде Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Холдингтің Басқарма төрағасы Рустам Карагойшин қызметкерлерді ұлттық мерекемен құттықтап, ел дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.
Басқарма төрағасы өз сөзінде Мемлекеттік егемендік туралы декларацияның қабылдануы Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына негіз болғанын атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Холдингтің алдына ел экономикасын нығайтуға және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға ықпал ету міндетін қойғанын айтты.
«Күнделікті еңбегімізбен осы мақсаттарға қол жеткізуге үлес қосып келеміз. Жұмысымыздың нәтижесі нақты істерден көрінеді. Біздің қолдауымызбен кәсіпорын іске қосылғанда, жаңа жұмыс орындары ашылады. Фермер заманауи техника сатып алғанда, шаруашылығының мүмкіндіктері кеңейеді. Қазақстандық өнім сыртқы нарықтарға шыққанда, отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігі артады. Ал отбасы өз баспанасына қол жеткізгенде, тұрмысы жақсарып, болашаққа деген сенімі нығаяды. Мұның бәрі сіздердің адал еңбектеріңіздің нәтижесі», - деді Рустам Карагойшин.
Салтанатты іс-шара барысында Холдинг пен оның еншілес ұйымдарының қызметкерлеріне мемлекеттік органдардың наградалары табысталды.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Алғыс хатымен марапатталды:
Бектұрсынова Мерей Угубаевна, «Бәйтерек» Холдингінің Стратегия және корпоративтік даму департаментінің бас менеджері;
Ахметова Динара Жасұланқызы, «Бәйтерек» Холдингінің Адами ресурстарды басқару департаментінің HR бизнес-серіктесі;
Досанов Доскелді Мейрамханұлы, «Бәйтерек» Холдингінің Цифрландыру департаментінің жоба жетекшісі;
Смағулов Талғат Темірұлы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Басқарма Төрағасының орынбасары;
Измайлов Есенжан Мұқанұлы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Қостанай облысы бойынша аймақтық филиалының бас менеджер-заңгері;
Жанәділ Дина Жайлаубайқызы, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның Басқарушы директоры;
Қуанбаев Эльдар Болатқанұлы, «Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ-ның Басқарушы директоры;
Кеңесова Әсел Кеңесқызы, «Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ-ның Адами ресурстарды басқару және операциялық қызмет департаментінің директоры;
Өскенбаев Нұржан Қасенұлы, «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-ның Сатып алу мен әкімшілік жұмыс департаменті директорының орынбасары;
Түлебеков Тимур Борисұлы, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның Басқарушы директоры.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің Алғыс хатымен марапатталды:
Югай Евгений Андреевич, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның Тәуекел-менеджмент департаментінің Несиелік тәуекелдер бөлімінің бастығы;
Дьякова Наталья Анатольевна, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Кепілдік беру департаментінің бас менеджері.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Сайлау органдары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды:
Лукина Анна Андреевна, «Бәйтерек» Холдингінің Басқарушы директоры;
Қожанов Данияр Сайранұлы, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның Басқарушы директоры;
Жағыпаров Алдан Секенұлы, «Бәйтерек» Холдингінің Әкімшілік-шаруашылық жұмыс қызметінің басшысы;
Төлеуханов Аслан Орынтайұлы, «Бәйтерек» Холдингінің Сатып алу қызметінің басшысы;
Сапарбаева Шолпан Сейітжанқызы, «Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ-ның Әкімшілендіру департаментінің бас менеджері;
Тастанбаев Сәбит Қалабекұлы, «Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ-ның Адами ресурстарды басқару және операциялық қызмет департаменті директорының орынбасары.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының Құрмет грамотасымен марапатталды:
Әбілов Төлеген Маратұлы, «Бәйтерек» Холдингінің Сатып алу қызметінің бас менеджері;
Балтемір Нұраслан Мақсатұлы, «Бәйтерек» Холдингінің № 4 Инвестициялық дирекцияның бас менеджері;
Дворников Роман Николаевич, «Бәйтерек» Холдингінің Әкімшілік-шаруашылық жұмыс қызметінің бас маманы;
Ержан Раджан Ержанұлы, «Бәйтерек» Холдингінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бас маманы.
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының Алғыс хатымен марапатталды:
Сақиров Ислам Ибраұлы, «Бәйтерек» Холдингінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің жоба жетекшісі;
Мұратхан Бақыт, «Бәйтерек» Холдингінің Корпоративтік хатшы қызметінің бас маманы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің «Салаға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды:
Аңсағанова Жанат Жұмабекқызы, «Бәйтерек» Холдингінің Басқарушы директоры;
Жүнісбекова Айзада Телжанқызы, Qazaqstan Investment Capital Management Ltd. жеке компаниясының Бас атқарушы директоры;
Ендібаева Ботагөз Сәбитқызы, «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның Банктік өнімдер мен технологиялар департаментінің Басқарушы директоры;
Исмағұлова Алма Мүбаракқызы, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның Корпоративтік даму департаментінің директоры.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің «Экономика саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды:
Тоқтарқожа Айгүл Тоқтарқожақызы, «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-ның бас бухгалтері, Бухгалтерия және есептілік департаментінің директоры;
Савенкова Ольга Владимировна, «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның Сату департаментінің директоры;
Бейсенбаева Ботакөз Есіркепқызы, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның Қазынашылық және бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры;
Қоңыртаева Мадина Нұрланқызы, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның Бюджеттік тарту бөлімінің бастығы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталды:
Жүсіпова Алтынай Мұхтарқызы, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның Қостанай облысы бойынша филиалының тәуекел-менеджері.
Кездесу соңында Рустам Карагойшин әріптестері мен олардың отбасыларына амандық, зор денсаулық және жұмыстарына табыс тіледі.