30.12.2024
«Бәйтерек» холдингінде мемлекеттік органдар мен еншілес компаниялардың баспасөз қызметкерлері бас қосты
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі еншілес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтерінің өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуін өткізді. Іс-шараны холдингтің Баспасөз қызметі ұйымдастырды.
Кездесу барысында қатысушылар бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл мәселелерін, PR қызметін дамыту, дағдарыс кезіндегі PR стратегияларын, сондай-ақ әлеуметтік желілер арқылы ілгерілетудің өзекті трендтерін талқылады. Сондай-ақ, коммуникация тиімділігін арттыру және журналистер мен қоғаммен ұзақ мерзімді серіктестік қатынастарын қалыптастыру мәселелері қаралды.
«Бәйтерек» холдингінің Баспасөз қызметінің басшысы Жанжігіт Омархан осындай кездесулердің тәжірибе алмасу және бірлескен жұмысты үйлестіру үшін маңызды екенін атап өтті.
«Қазіргі заманғы жағдайда ақпараттың ашықтығы мен жеделдігі компанияның жағымды имиджін қалыптастыруда негізгі рөл атқарады. Біз холдинг пен оның еншілес ұйымдарының барлық баспасөз қызметтерінің жұмысы ең жоғары стандарттарға сәйкес келуіне және уақыт талаптарына жауап беруіне ұмтыламыз. Бірлескен талқылаулар бізге қызметімізді жетілдіруге және мемлекеттік органдардағы әріптестермен өзара іс-қимылды нығайтуға мүмкіндік береді», – деді ол.
Қосымша жаңалықтар