Кеңес ал!

14.11.2025

«Бәйтерек» холдингінде Ұлттық валюта күні мен Қаржыгерлер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

«Бәйтерек» холдингінде Ұлттық валюта күні мен Қаржыгерлер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

14 қараша күні «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамында Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күні мен қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Іс-шара барысында Холдингтің Басқарма төрағасы Рустам Қарагойшин қаржы саласындағы кәсіби мәдениеттің маңыздылығын және мемлекеттік экономикалық міндеттерді іске асырудағы Холдингтің рөлін атап өтті.

«Ұлттық валюта – елдің қаржылық тұрақтылығының негізі. Осы күні негізгі процестердің үздіксіздігін қамтамасыз етіп отырған мамандардың еңбегін ерекше атап өткен жөн. Холдинг үшін жүйелілік, стандарттарды сақтау және инвестициялық әрі қаржылық құралдарды іске асырудағы жауапкершілік – басты қағидаттар болып қала береді. Біз әрі қарай да топ ішіндегі үйлесімділікті күшейтіп, қолдау тетіктерінің тиімділігін арттыра отырып, экономикалық дамуға тұрақты үлес қоса береміз», — деді ол.

Салтанатты іс-шара аясында Холдинг пен еншілес ұйымдардың қызметкерлері адал еңбегі, кәсіби жетістіктері және қаржы саласының дамуына қосқан үлесі үшін ведомстволық және салалық наградалармен марапатталды.

«Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгісімен марапатталғандар:

1. «Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі» акционерлік қоғамының Бухгалтерлік есеп департаментінің директоры - бас бухгалтері Дузбаева Тогжан Токкужаевна;

2. «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының Бас бухгалтердің орынбасары-бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің қаржы активтері мен міндеттемелерін есепке алу басқармасының бастығы Дюсупова Гульмира Владимировна.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің «Экономика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталғандар:

1. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Басқарушы директоры Мурзагалиева Алия Ерболатқызы;

2. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Ауыл шаруашылығы және тұрғын үй-құрылыс бағдарламалары департаментінің директоры Тюлегенов Руслан Кайбуллович;

3. «Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамының Басқарушы директоры Муханбетов Касым Галимжанович;

4. «Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамының Корпоративтік қаржы департаментінің директоры       Багадаев Нуржан Нурланович;

5. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасының орынбасары Абайдильдин Азат Талгатбекович;

6. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасының орынбасары Приймаков Максим Максимович;

7. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының Басқарма  Төрағасының орынбасары Ескаков Ербол Амангельдинович;

8. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының Жамбыл облысы бойынша аймақтық филиалдың қаржылық қолдау бойынша бас менеджері Байгулов Олжас Муратбекович;

9. «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының орынбасары Салыков Олжас Жандосович;

10. «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» акционерлік қоғамының Басқарушы директоры Сулейменов Ернар Нурканович;

11. «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасының орынбасары Азимбеков Мухтар Мирланович;

12. «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының Тәуекел менеджмент басшысы, Басқарма Төрағасының орынбасары Талтусов Ринат Алдашевич;

13. «Қазақстанның Экспорттык - кредиттік агенттігі» акционерлік қоғамының Әкімшілендіру  департаментінің директоры Кабиева Гульдана Сабыржановна;

14. «Қазақстанның Экспорттык - кредиттік агенттігі» акционерлік қоғамының Сақтандыру және кепілдік беру Департаментінің директорының орынбасары Муханов Адил Женисович;

15. «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының Бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің директоры – Бас бухгалтері Спивак Ольга Аркадьевна;

16. «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры        Жусупеков Избасар Кайратович;

17. «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының Проблемалық жобалар департаментінің Берешекті өндіріп алу бөлімінің бастығы Сагадат Зауреш;

18. «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасының орынбасары Оразбаев Жанузак Женисович;

19. «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік департаментінің бас менеджері Ергазинова Кумыс Баезовна;

20. «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының Кэптивтік қорлар және портфельдік қорлар департаментінің басқарушы директоры Смагулов Ермек Серикович.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Алғыс хатымен марапатталғандар:

1. «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының Қызылорда филилының клиенттермен жұмыс жүргізу басқармасының басшысы Оспанова Жанар Нуралиевна;

2. «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» акционерлік қоғамының Бухгалтерия және есептілік департаментінің бас маманы Галушко Елена Валентиновна.

«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының Алғыс хатымен марапатталғандар:

1. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдинг» акционерлік қоғамының Тәуекелдерді басқару департаментінің директоры Абилькасова Гаухар Галиаскаровна;

2. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдинг» акционерлік қоғамының Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің бас менеджері Жумаканова Асия Есетовна;

3. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдинг» акционерлік қоғамының Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің бас менеджері Әлімбек Әсел Ғалымжанқызы;

4. «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдинг» акционерлік қоғамының Бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің бас менеджері Сандыбаева Айнур Кумарбековна;

5. Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдинг» акционерлік қоғамының Елішілік құндылықты дамыту департаментінің бас менеджері Садуова Эльвира Есболовна;

6. «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының кредиттеу бөлімінің басшысы Сулейменов Олжас Султанович;

7. «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының Тәуекел-менеджменті департаментінің директоры     Керимбаева Жадыра Абаевна;

8. «Қазақстанның Экспорттык - кредиттік агенттігі» акционерлік қоғамының Сауданы қаржыландыру департаментінің директоры Ахметалимова Айжан Кайратовна;

9. «Қазақстанның Экспорттык - кредиттік агенттігі» акционерлік қоғамының Кредиттік талдау департаментінің директоры Молжигитов Асхат Рафикович;

10. «BV Management» ЖШС Басқарушы директоры Дегенбаев Алибек Мухтарович;

11. «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының Корпоративтік хатшысы Ермашева Бакит Нурдиновна;

12. «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» акционерлік қоғамының Ақпараттық - коммуникациялық технологиялар департаментінің директоры Сулейменов Серик Смагулович;

13. «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының Операциялық және қаржылық тәуекелдер департаментінің директоры Талқыбекұлы Адилбек;

14. «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамының Өңірлік жобалық дирекциясының басшысы Зикенов Асылхан Берикович;

15. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының Маркетинг департаментінің директоры     Камалиденова Асель Шарипхановна.

Іс-шара марапаттарды табыстаумен және ресми қорытындымен аяқталды.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі қаржы саласы мамандарының сала дамуына қосқан үлесін атап өтіп, еңбектері үшін алғыс білдіреді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар