21.06.2023

«Бәйтерек» Холдингінде «Хуадянь» корпорациясымен кездесу өтті

«Бәйтерек» Холдингінде «Хуадянь» корпорациясымен кездесу өтті
2023 жылғы 21 маусымда «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев Қазақстанда жаңартылатын энергетиканы кешенді дамыту бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау үшін China Huadian Overseas Investment Co.Ltd. компаниясының Вице-президенті Лу Йоуанмен кездесті.

Қанат Шарлапаев China Huadian Overseas Investment Co.Ltd. компаниясымен серіктестіктің табысты дамуына сенімін білдірді және екі компания Қазақстанның энергетикалық кешенін әртараптандыруда және оның неғұрлым экологиялық таза энергия көздеріне көшуіне жәрдемдесуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Сондай-ақ, ол маневрлік және энергия жинақтау мәселелерін шешуге кешенді көзқараспен жаңартылатын энергетика саласындағы жобаларды іске асыру үшін іскерлік ынтымақтастық орнату мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін білдірді.
2-4.jpg
Айта кету керек, CHD және Huadian Group деп те аталатын China Huadian Corporation (Қытайдың «Хуадянь» корпорациясы) - электр және жылу энергиясын өндіру және жеткізу, электр энергетикасы саласында маманданған Қытай мемлекеттік корпорациясы. Компания
Fortune Global 500 тізімінде (2022 жылғы рейтингте 398-ші орында) және әлемдегі электр энергиясын өндіретін үшінші ірі компания болып табылады.

Бұдан бір ай бұрын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары аясында Холдинг өкілдері Бейжің қаласындағы China Нuadian Overseas Investment Co.Ltd. компаниясының бас кеңсесіне барғанын атап өтеміз. Осы сапар барысында Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергетика саласындағы жобаларды іске асыру жөніндегі бастаманы бірлесіп пысықтау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
3-5.jpg

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар