Сұрақ-жауап
9077 Call-орталығы
А А Экран дикторы

28.08.2025

«Бәйтерек» холдингінде ірі инвестициялық жобаларды қолдау үшін 2-кепілдік қоры аясында алғашқы кепілдік шартына қол қойылды

Кеңес ал!

28.08.2025

«Бәйтерек» холдингінде ірі инвестициялық жобаларды қолдау үшін 2-кепілдік қоры аясында алғашқы кепілдік шартына қол қойылды

«Бәйтерек» холдингінде ірі инвестициялық жобаларды қолдау үшін 2-кепілдік қоры аясында алғашқы кепілдік шартына қол қойылды

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінде «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ («Даму» қоры), «Qazaq Global Food JV» ЖШС және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) арасында кепілдік беру жөніндегі үшжақты шартқа қол қою рәсімі өтті. Айта кету керек, «Даму» қоры алғаш рет ҚДБ беретін кредит бойынша кепілгер атанды.

Құжатқа «Даму» қорының Басқарма төрағасы Фархат Сәрсекеев, ҚДБ Басқарма төрағасы Марат Елібаев және Qazaq Global Food JV директоры Самат Балабеков қол қойды. Шараға Холдинг Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Шайхы және компаниялардың жобалық топтары қатысты.

Бұл құжат Қазақстандағы құны 7 млрд теңгеден асатын ауқымды инвестициялық бастамаларды қолдау және дамыту үшін құрылған жаңа құрал – 2-кепілдік қоры аясында жүзеге асырылған алғашқы жоба болып отыр.

Келісімнің мақсаты – «Qazaq Global Food JV» компаниясының агроөнеркәсіп саласындағы инвестициялық жобасын қаржыландыру және кепілдендіру тетіктерін пайдалана отырып іске асыруға қолдау көрсету.

Еске сала кетейік, кепілдік қорлары ағымдағы жылдың сәуірінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, жалпы көлемі 8 трлн теңге болатын нақты секторды қаржыландыру бастамасы аясында, «Бәйтерек» холдингімен «Даму» қорының базасында әзірленіп, іске қосылған болатын.

Бүгінде шағын және орта бизнесті (ШОБ) дамыту үшін құрылған бірінші Кепілдік қоры (7 млрд теңгеге дейін) табысты жұмыс істеп тұр. Ал 2-кепілдік қоры аясында алғашқы келісімнің жасалуы ірі бизнеске қаржыға қол жеткізуді кеңейту мен стратегиялық салаларға инвестиция тартуда маңызды қадам болды.

«Бәйтерек» холдингі бизнестің қаржыға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін заманауи тетіктер қалыптастыруды жалғастыруда. ШОБ-қа арналған кепілдік қоры өзінің тиімділігін дәлелдеді, ал бүгінгі жоба – ірі инвестициялық бастамаларға бағытталған 2-кепілдік қоры жұмысының алғашқы мысалы. Бұл құрал өнеркәсіпте, агроөнеркәсіпте және инфрақұрылымда ауқымды жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға және импортқа тәуелділікті азайтуға ықпал етеді», – деп атап өтті Жандос Шайхы.

2-кепілдік қорының аясындағы алғашқы жоба – Алматы облысында жеміс пен көкөністі қайта өңдеу зауытын салу. «Qazaq Global Food JV» ЖШС түрік компаниясы Göknur Gıda-мен бірлесіп, алма шырыны концентратын және жеміс-көкөніс пюресін өндіретін кәсіпорын құруда. Жобаның жалпы құны 9,5 млрд теңгені құрайды, оның ішінде 7,1 млрд теңгені ҚДБ қаржыландырады, ал «Даму» қорының кепілдігі 2,8 млрд теңге (қаржыландыру сомасының 39,4%) болды.

«Біздің зауыт Қазақстандағы осындай ауқымдағы алғашқы өндіріс болмақ. Толық қуатына шыққан кезде біз елге импортталатын шырын концентраттарының 80%-ына дейінін өз өнімімізбен алмастырып, өнімнің 100%-ын экспортқа шығаруды жоспарлап отырмыз. Құрылыс жұмыстары қазірдің өзінде басталды, келесі жылы алғашқы өнімді нарыққа шығаруды көздеп отырмыз. Жобамызға сенім білдіріп, қолдау көрсеткені үшін Қазақстанның Даму Банкіне және «Даму» қорына алғыс айтамыз», деді Самат Балабеков.

Қазіргі уақытта «Даму» қорында жалпы құны 52,3 млрд теңгені құрайтын тағы екі жоба қаралуда. Ал жалпы алғанда, екінші деңгейлі банктер мен «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдарын қоса алғанда, қаржы институттарында 5,6 трлн теңгеден асатын 40-тан астам өтінім пысықталуда.

2-кепілдік қорын құру – бизнеске мемлекеттік қолдауды жетілдірудегі, әсіресе экономиканы әртараптандыруға және басым салаларды дамытуға бағытталған ірі жобаларды ілгерілетудегі маңызды қадам болды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар