19.12.2024
- Холдинг туралы
Жыл басынан бері «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ ұйымдастырған «Донор күні» қайырымдылық акциясына Холдингтің және оның еншілес ұйымдарының 112 қызметкері қатысты. Барлық қажетті медициналық процедуралардан өткеннен кейін олардың 72-сі донор болды, соның арқасында шамамен 33 литр донорлық қан тапсырылды. Акцияның негізгі мақсаты - қызметкерлер арасында донорлықты насихаттау, донорлық қан мен оның компоненттерінің қорларын ұлғайту, сондай-ақ қайырымдылық және әлеуметтік бастамаларға белсенді жәрдемдесу.
Мұндай акция «Бәйтерек» Холдингінде бірнеше жыл қатарынан өткізіліп келеді және әлеуметтік жауапкершілікті және қызметкерлердің қоғам өміріне белсенді қатысуын растайтын жақсы дәстүрге айналды.
«Біз идеяны белсенді қолдаған және осы керемет бастаманың бір бөлігі болған ұжымымызды мақтан тұтамыз. Донорлықты насихаттау - салауатты және әлеуметтік белсенді қоғам құруға жасалған қадам. Бүгінгі іс-шара біздің осындай маңызды құндылықтарға деген адалдығымызды көрсетеді», - деді «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Аппарат басшысы Дина Акрачкова.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда Дүниежүзілік донор күні 14 маусымда атап өтіледі. Қайырымдылық акциясының барлық донорлары мен қатысушыларына алғысымызды білдіреміз.