25.05.2023
«Бәйтерек» холдингінде Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау комитетінің отырысы өтті
2023 жылғы 24 мамырда Холдингтің Директорлар кеңесінің мүшесі Дэниел А.Витттің төрағалығымен Директорлар кеңесінің Стратегиялық жоспарлау комитетінің отырысы өтті.
Отырыс барысында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқармасының акционерлік қоғамның 2020-2023 жылдары республикалық бюджеттен бөлінген қаржы ресурстарын пайдалануы туралы және Холдингтің 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің қорытындылары туралы есебі тыңдалды.
Холдинг стратегиялық міндеттерді жүзеге асыру арқылы ірі бизнестің дамуына белсенді қолдау көрсетуді жалғастыруда. Мәселен, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ есепті кезеңде 23 млрд теңгеге 3 экспорттық операция мен 1 инвестициялық жобаны қаржыландырды.
Шағын және орта бизнесті қолдау Холдингтің басым бағыттарының бірі болып табылады. 2023 жылдың бірінші тоқсанында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне 109,8 млрд теңгеге қолдау көрсетті.Оның ішінде микро, шағын және орта бизнеске пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, кепілдендірілген несиелер мен шартты несиелендіру кіреді.
Холдинг сонымен қатар әртүрлі салалардағы жобаларды қаржыландыру арқылы шикізаттық емес экономиканы белсенді дамытып келеді. «Qazaqstan» инвестициялық корпорациясы» АҚ агроөнеркәсіптік кешен мен азық-түлік өнімдерін өндіру бойынша 3 млрд теңгеге жобаны қаржыландырды. Қаражаттың барлық инвестициясы экономиканың шикізаттық емес секторына бағытталды. Сондай-ақ, «Отбасы Банкі» АҚ халыққа 183,2 млрд теңгеге несие берсе, «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ 31,2 млрд теңгеге кепілдік берді.
Агроөнеркәсіп кешенін дамыту Холдингтің басым бағыттарының бірі болып қала береді. Холдингтің агроөнеркәсіптік кешен саласындағы еншілес компанияларын қолдаудың жалпы көлемі 2023 жылдың бірінші тоқсанында 185,4 млрд теңгені құрады. Бұл 2022 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 66 пайызға көп. «ҚазАгроҚаржы» АҚ 2022 жылы 172,8 млрд теңгеге (2021 жылы 141,6 млрд теңге) 6 806 бірлік ауыл шаруашылығы техникасын лизингке берді. 2022 жылы отандық тракторлар мен комбайндарды лизингке берудің жеңілдетілген бағдарламасының іске қосылуы 99,8 млрд теңгеге 4250 қазақстандық техниканы лизингке алуға мүмкіндік берді.
«Бәйтерек» холдингі қол жеткізілген нәтижелер мен болашаққа арналған жоспарларға сүйене отырып, Қазақстанның экономикалық дамуын жақсартуға және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған стратегиялық міндеттері аясында белсенді жұмысын жалғастыруда.
Қосымша жаңалықтар