Кеңес ал!

24.10.2025

«Бәйтерек» холдингінде Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

«Бәйтерек» холдингінде Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінде Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Холдинг Басқармасының төрағасы Рустам Қарагойшин құттықтау сөз сөйлеп, Холдингтің ел экономикасының тұрақты өсуі мен басым бағыттарының дамуын қамтамасыз етуге бағытталған Мемлекет басшысының стратегиялық міндеттерін дәйекті түрде жүзеге асырып келе жатқанын атап өтті.

«Бәйтерек холдингі ұлттық экономиканы нығайтуға елеулі үлес қосып келеді. Холдинг кәсіпкерлікті қолдау, тұрғын үй саясатын дамыту, өнеркәсіпті жаңғырту және экспортты ілгерілету бағыттарында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Қол жеткізілген нәтижелер – Холдинг пен оның еншілес ұйымдары ұжымының жоғары кәсібилігі мен жауапкершілігінің, сондай-ақ бірлескен еңбегінің айғағы», – деді ол.

Іс-шара барысында ел экономикасын дамыту мен стратегиялық міндеттерді тиімді іске асыруға сүбелі үлес қосқан Холдинг пен оның еншілес ұйымдарының қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті. Марапаттарды Холдинг Басқармасы Төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов табыс етті.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы бойынша «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды:

  • «ҚазАгроҚаржы» АҚ Қостанай облыстық филиалының кредиттік әкімшісі Елена Владимировна Гулидова.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Алғыс хатымен марапатталады:

  • «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Жобалармен жұмыс департаментінің жоба жетекшісі Диас Саруарбекович Жакаев;
  • «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының Лизинг заттарын сатып алу департаментінің логистика және кедендік рәсімдер бөлімінің басшысы Дугали Асемжарович Абенов;
  • «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының Басқарушы директоры Асем Суиндиковна Шакенова;
  • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының Бағдарламалық қаржыландыру департаментінің бас менеджері Гульназ Сыргабаевна Нуртаева;
  • «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» акционерлік қоғамының Басқарма қызметін қамтамасыз ету департаментінің директоры Марат Аманжолович Нуршаев;
  • «Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі» акционерлік қоғамының Андеррайтинг департаментінің директоры Найля Серыковна Карменова;
  • «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының Ақтөбе облыстық филиалының бизнесті дамыту бөлімінің 1 санатты маманы Айгуль Абаевна Уринбаева.

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен марапатталады:

  • «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Бухгалтерлік есеп және есептілік департаментінің бас менеджері Шолпан Айтхалиевна Агисанова;
  • «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының Ақтөбе облыстық филиалының Сүйемелдеу және посткредиттік қызмет көрсету бөлімінің 1 санатты маманы Замзагуль Зейнетовна Абдуллаева;
  • «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының Ішкі аудит қызметінің басшысы Бакыт Кокановна Жусупбекова.

Қазақстан Республикасы экономика министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталады:

  • «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Ауыл шаруашылығы және тұрғын үй-құрылыс бағдарламалары департаментінің бас менеджері Асель Каиргазыевна Угланова;
  • «Қазақстанның Экспорттык – кредиттік агенттігі» акционерлік қоғамының Сақтандыру және кепілдік департаментінің директоры Елена Валерьевна Абилова.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің Алғыс хатымен марапатталады:

  • «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Ішкі аудит қызметінің ішкі аудиторы Айнур Улановна Тленчина.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасының Алғыс хатымен марапатталады:

  • «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының Кредиттеу департаментінің 2 - Кредиттеу бөлімінің менеджері Индира Нурумбековна Аубакирова;
  • «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамының Қаржы институттарын қаржыландыру департаментінің жоба жетекшісі Алмат Муратбекович Картбаев;
  • «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының Несиелік тәуекелдік департаментінің директоры Айжан Жумабековна Сатбаева;
  • «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамының Ауылдық аумақтарды сату және дамыту департаменті Өңірлік қолдау басқармасының бастығы Майра Жанбирбаевна Темербаева;
  • «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының Қостанай облысы бойынша аймақтық филиалының мониторинг бойынша бас менеджері Константин Валерьевич Брума;
  • «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» акционерлік қоғамының Адам ресурстарын басқару департаментінің директордың орынбасары Марал Саттар;
  • «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» акционерлік қоғамының Тәуекел менеджменті департаментінің директоры Айнур Сеитовна Салиева;
  • «Қазақстанның Экспорттык – кредиттік агенттігі» акционерлік қоғамының Сақтандыру және кепілдік төлемдері департаментінің директоры Ильяс Батаргалиевич Ермухамбетов;
  • «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамының Проблемалық активтерді басқару департаментінің директоры Ермек Байзакович Баймагамбетов;
  • «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамының Бағалау департаментінің директоры Елдос Нурланович Ежембаев;
  • «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының Қаржы департаментінің директоры Алина Булатовна Филимончик;
  • «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамының Портфельді қорлар департаментінің бас менеджері Кайсар Ерликович Жуманов.

Іс-шара қорытындысында Рустам Қарагойшин Холдинг ұжымына адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және ел экономикасының тұрақты дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар