19.12.2024
- Холдинг туралы
Бүгін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінде Apex қоры мен үш кредиттік серіктестік арасында кредиттік желілер туралы келісімге қол қою рәсімі өтті. Қатысушы серіктестіктер: «Шардара-Несие» (Түркістан облысы), «Сырдария-1» (Қызылорда облысы) және «Дихан» (Жамбыл облысы).
400 миллион теңге көлеміндегі алғашқы транш ауыл шаруашылығы саласындағы қажеттіліктерді қаржыландыруға бағытталған. Алдағы уақытта кредиттік серіктестіктер ауылдық жерлерде шағын және орта бизнесті дамыту үшін де қаржы ресурстарын ұсыну мүмкіндігіне ие болады.
Іс-шараға «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Шайхы, Apex қорының басшылығы, сондай-ақ консультативтік кеңес мүшелері мен кредиттік серіктестіктердің өкілдері қатысты.
Жандос Шайхы, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:
«Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау – біздің жұмысымыздың басым бағыттарының бірі. Apex қорымен және кредиттік серіктестіктермен жасалған бұл келісім ауылдық кәсіпкерлердің қаржылық тұрақтылығын нығайтуға және ауылдық аумақтардың дамуына жаңа мүмкіндіктер ашуға мүмкіндік береді».
Анықтама үшін: Apex қоры агроөнеркәсіптік кешенді ұзақ мерзімді қолдауды қамтамасыз ету үшін халықаралық тәжірибе негізінде құрылған. Қазіргі заманғы құралдар мен аналитикалық платформаны біріктірудің арқасында қор ресурстарды жинақтап, агросектордың тұрақты өсуіне жағдай жасайды.