Бәйтерек Холдингі жер игерушілерді көктемгі егіс жұмыстарын ерте қаржыландырумен қамтамасыз ету мақсатында облигациялар шығару арқылы 100 млрд теңге қаржы тартты
2024 жылғы 28 қарашада Бәйтерек Холдингі жер игерушілерді уақтылы қаржыландырумен қамтамасыз ету мақсатында KASE алаңында жалпы көлемі 100 млрд теңге облигациялық қаржы тартты.
Қаражат Аграрлық несие корпорациясы арқылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге бағытталған.
Айта кетейік, 2024 жылдың 1 қарашасынан бастап «Кен дала 2» бағдарламасы бойынша көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын өткізу үшін ерте қаржыландыруға өтінімдер қабылдау басталды. Бағдарлама фермерлерге жеңілдетілген шарттармен несие алуға мүмкіндік беретін мемлекеттік қолдау шараларын сақтап қалды.
Алғаш рет көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жеңілдікпен несиелер егіс және егін жинау науқандары басталғанға дейін алдын-ала берілетінін атап өткен жөн. Бұл фермерлерге көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары үшін қажетті қаражатты алдын ала сатып алуға, қажетті агротехникалық іс-шаралардың уақтылы жүргізілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
* Сұрақтарға жауап алуды жылдамдату үшін, сұрақты нақты және түсінікті баяндауыңызды өтінеміз. Сұрақты жібермес бұрын, сайттағы материалдарды қарап көргеніңіз жөн, себебі Сіздің сұрағыңызға жауап сол жердеболуы мүмкін.