Сұрақ-жауап
7077 Call-орталығы
А А Экран дикторы

21.02.2025

«Бәйтерек» холдингі Қазақстан экономикасын қолдаудың 2024 жылғы қорытындыларын таныстырды

Кеңес ал!

17.02.2025

«Бәйтерек» холдингі және оның еншілес ұйымдары ESG нарығы мен корпоративтік есептілік саласындағы көшбасшылар атанды

«Бәйтерек» холдингі және оның еншілес ұйымдары ESG нарығы мен корпоративтік есептілік саласындағы көшбасшылар атанды

Қазақстан қор биржасының (KASE) мүшелері мен листингтік компанияларын марапаттау рәсімінде «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі «ESG облигациялар нарығының көшбасшысы» және «Эмиссиялық белсенділігі үшін» номинацияларында жеңімпаз атанды.

Кәсіби қауымдастық тарапынан берілген жоғары баға холдингтің қор нарығындағы белсенділігін, тұрақты позициясын, сәтті стратегиясын және институционалдық инвесторлар мен серіктестер тарапынан жоғары сенімділікті растайды.

«Қазақстанда ESG нарығын дамыту – стратегиялық маңызды бағыт, және біз «Бәйтерек» холдингінің осы саладағы үлесін жоғары бағалаймыз. ESG облигацияларын алғашқы болып орналастыру фермерлерді қолдауға және аграрлық сектордағы тұрақты жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік берді. Бұл марапат – тұрақты қаржыландыру саласындағы озық тәсілдерді енгізу бойынша атқарылған жұмыстарымыздың нәтижесі», – деп атап өтті «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің Басқарма төрағасының орынбасары Ерсайын Хамитов.

Холдингтің ESG облигациялары 2024 жылы орналастырылып, «Кең дала 2» бағдарламасы аясында фермерлерге жеңілдетілген несие беруге бағытталды. Нәтижесінде 1,1 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші қаржыландырылып, 2,5 млн гектардан астам егістік жер игерілді.

Еншілес ұйымдардың марапаттары

Холдингтің еншілес ұйымдары да беделді KASE марапаттарына ие болды:

  • «Отбасы банк» ESG облигациялар нарығының көшбасшысы деп танылды. Сонымен қатар, банк «Қаржы секторындағы ең үздік жылдық есеп» номинациясы бойынша KASE дипломына ие болды, бұл оның корпоративтік есептілік саласындағы жоғары стандарттарға сәйкес келетінін көрсетеді.
  • «Даму» қоры «2023 жылғы қаржы секторындағы тұрақты даму жөніндегі есеп» номинациясының жеңімпазы атанды. Бұл марапат Қордың тұрақты даму қағидаттарын енгізудегі жетістіктерін және стратегиялық көзқарасты жетілдірудегі маңызды қадамдарын айқындайды.
  • Қазақстанның Даму Банкі «2024 жылғы облигациялар нарығының көшбасшысы» дипломымен марапатталды. Бұл награда Банктің борыштық нарықты дамытудағы және ірі инфрақұрылымдық, өнеркәсіптік жобаларды қаржыландыруға инвестиция тартудағы маңызды рөлін көрсетеді. Сонымен қатар, Банк «2023 жылғы қаржы секторындағы ең үздік жылдық есеп» номинациясы бойынша марапатқа ие болды.
«Бәйтерек» холдингі мен оның еншілес ұйымдары тұрақты дамуға бағытталған бастамаларды қолдауды және стратегиялық міндеттерді іске асыру үшін озық тәсілдерді енгізуді жалғастырады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар