Кеңес ал!

13.03.2026

«Бәйтерек» холдингі және еншілес ұйымдары KASE наградаларымен марапатталды

«Бәйтерек» холдингі және еншілес ұйымдары KASE наградаларымен марапатталды

13 наурыз күні Алматы қаласында Қазақстан қор биржасының (KASE) мүшелері мен елдің қор нарығын дамытуға үлес қосқан листингтік компанияларды марапаттауға арналған жыл сайынғы салтанатты рәсім өтті. Іс-шара барысында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы және оның еншілес ұйымдары бірқатар беделді наградаларға ие болды. Марапаттау рәсіміне Холдинг Басқармасы төрағасының орынбасары Ерсайын Хамитов қатысты.

«Бәйтерек» холдингі «Эмиссиялық белсенділігі үшін» және «Ашықтыққа ұмтылысы үшін» номинациялары бойынша марапатталып, сондай-ақ KASE жылдық есептер конкурсында «Қаржы секторындағы 2024 жылғы үздік жылдық есеп» номинациясының жеңімпазы атанды.

Холдингтің капитал нарығындағы белсенді қызметі экономиканың басым бағыттарын қаржыландыру үшін ресурстар тартуға бағытталған. Мәселен, 2025 жылы қор нарығы арқылы тартылған қаражаттың 310 млрд теңгесі көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға, 200 млрд теңгесі ауыл шаруашылығы техникасының лизингіне, сондай-ақ 52 млрд теңгесі өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды қолдауға бағытталды.

«Қор нарығы экономиканы ұзақ мерзімді қаржыландырудың маңызды көздерінің бірі болып табылады. «Бәйтерек» холдингі үшін капитал нарығына қатысу — инвестициялық жобаларды іске асыруға және экономиканың негізгі салаларын қолдауға қажетті ресурстарды тартудың тиімді тетігі. Алынған наградалар кәсіби қауымдастық пен инвесторлар тарапынан жоғары сенім бар екенін көрсетеді», — деп атап өтті Ерсайын Хамитов.

Холдингтің 2024 жылға арналған жылдық есебі де ерекше жоғары бағаланды. Аталған есеп алғаш рет халықаралық GRI стандарттарына ғана емес, сонымен қатар тұрақты даму есептілігі бойынша IFRS S1, IFRS S2 стандарттарының талаптарын, сондай-ақ салалық SASB стандарттарын ескере отырып дайындалды. Құжат Холдингтің Корпоративтік басқару кодексіне, KASE қағидаларына және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің талаптарына сәйкес келеді.

KASE наградаларына Холдингтің бірқатар еншілес ұйымдары да ие болды:

  • «Отбасы банк» АҚ — «Қаржы секторындағы 2024 жылғы үздік жылдық есеп» және «2025 жылдың қорытындысы бойынша ESG-облигациялар нарығының көшбасшысы»;
  • «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ — «2025 жылғы эмиссиялық белсенділігі үшін»;
  • «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ — «2025 жылдың қорытындысы бойынша ESG-облигациялар нарығының көшбасшысы»;
  • «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ — «2024 жылдың қорытындысы бойынша листингке кірмейтін компаниялар арасындағы үздік жылдық есеп».

«Бәйтерек» холдингінің компаниялар тобы Қазақстанның қор нарығындағы ірі эмитенттердің бірі болып табылады. Холдинг пен оның еншілес ұйымдары экономиканың басым бағыттарын — өнеркәсіпті, агроөнеркәсіптік кешенді, тұрғын үй құрылысын және экспортты қолдауды қаржыландыру үшін түрлі қарыз құралдарын, соның ішінде ESG-облигацияларды белсенді пайдаланады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар