19.12.2024
- Холдинг туралы
2020 жылғы 29 желтоқсанда "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру шеңберінде жалпы көлемі 100 млрд теңге болатын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің еншілес құрылымынан "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ облигациялық қарыз тартты.
Бұл қаражат "Қазақстандық Ипотекалық компания" ИҰ"АҚ арқылы облыстар, республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің облигацияларын сатып алуға бағытталған. Бұған дейін бөлінген қаражат есебінен жұмыспен қамту жол картасы аясында 200 мыңнан астам жұмыс орны қамтамасыз етілді.
Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдар жалпы сомасы 700 млрд теңгеге қаржыландырылды.