Кеңес ал!

20.07.2026

«Бәйтерек» холдингі Қытаймен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтеді

«Бәйтерек» холдингі Қытаймен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтеді

16 шілдеде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға сапары аясында «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ еншілес ұйымдары – «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ және «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ инвестициялар тартуға, өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға, инфрақұрылымдық және өндірістік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ халықаралық капитал нарықтарына қолжетімділікті кеңейтуге бағытталған бірқатар стратегиялық маңызды келісімдерге қол қойды.

Негізгі нәтижелердің бірі «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-ның Қытай қаржы нарығындағы ұстанымын нығайту болды. Шанхайда өткен іс-шаралар қорытындысы бойынша Банк Қытайдың жетекші қаржы институттары мен өнеркәсіптік компанияларымен ынтымақтастықты дамытуға бағытталған бірқатар құжаттарға қол қойды.

Атап айтқанда, ҚДБ China Central Depository & Clearing Co., Ltd. (CCDC) компаниясымен еркін сауда аймағының офшорлық облигациялары (FTZ Offshore Bonds) эмитенттеріне қызмет көрсету туралы келісім жасасты. Бұл құжат Банкке Қытайдың капитал нарығындағы қосымша өтімділікке қол жеткізуге, қаржыландыру тарту мүмкіндіктерін кеңейтуге және әлемдегі ең ірі қаржы нарықтарының бірінде ҚДБ-ның ұзақ мерзімді қатысуын нығайтуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, ҚДБ Қытайдың Мемлекеттік даму банкімен (China Development Bank) Жезқазған қаласында қуаты 75 МВт болатын бу-газ қондырғысының құрылысын қаржыландыру туралы келісімге, Қостанай облысында энергия жинақтау жүйесімен жабдықталған қуаты 1000 МВт жел электр станциясын салу жобасын қаржыландыру жөніндегі меморандумға, сондай-ақ металлургия және агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға қатысты бірқатар құжаттарға қол қойды.

Сапардың тағы бір маңызды қорытындысы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ, «Агромашхолдинг KZ» АҚ және Weichai Lovol Intelligent Technology Co. компаниясы арасында Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы машина жасау ұлттық кластерін қалыптастыру туралы стратегиялық келісімге қол қойылуы болды.

Келісім Қостанай қаласында алдыңғы қатарлы инженерлік технологияларды, өндірістік стандарттарды, лицензиялар мен патенттерді трансферттей отырып, LOVOL маркалы ауыл шаруашылығы техникасын өндіретін заманауи машина жасау кешенін құруды көздейді. Өнеркәсіпті дамыту қоры жобаны кешенді қолдауды, оның ішінде зауыт құрылысын, жабдықтар мен өндірістік желілерді қаржыландыруды қамтамасыз етеді.

Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 1000-ға дейін астық жинайтын комбайн шығаруға мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру Қазақстандағы ауыл шаруашылығы техникасы өндірісін жергіліктендіру деңгейін арттыруға, елдің өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға, ішкі нарықты заманауи техникамен қамтамасыз етуге және экспортқа бағдарланған өндірісті дамытуға ықпал етеді.

Қол қойылған құжаттар «Бәйтерек» холдингінің ұзақ мерзімді инвестицияларды тарту, халықаралық серіктестермен өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және Қазақстан экономикасын әртараптандыру жөніндегі стратегиялық міндеттерді іске асыру аясында экономикалық өсудің жаңа нүктелерін қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмысын растайды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар