Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы

09.09.2026

«Бәйтерек» холдингі қытайлық серіктестермен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуде

Кеңес ал!

09.09.2026

«Бәйтерек» холдингі қытайлық серіктестермен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуде

«Бәйтерек» холдингі қытайлық серіктестермен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуде

8-9 қыркүйекте Холдингтің Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Шайхы бастаған «Бәйтерек» холдингінің компаниялар тобы делегациясы Қытайға жұмыс сапары аясында Silk Road Fund (SRF) қорының қатысуымен ұйымдастырылған SRF Investment Dialogue халықаралық инвестициялық алаңының жұмысына қатысты.

Форум аясында әлемнің әртүрлі елдерінен келген жетекші қаржы институттарының, инвестициялық компаниялар мен бизнес-қоғамдастықтың өкілдері трансшекаралық инвестициялық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, капитал тартудың жаңа тетіктерін және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.

«Бәйтерек» холдингінің SRF Investment Dialogue жұмысына қатысуы Қазақстан мен Қытай арасындағы инвестициялық өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі жүйелі жұмыстың жалғасы болды. Басты назар қытайлық қаржы және инвестициялық институттармен ынтымақтастықты кеңейтуге, Қазақстан экономикасына ұзақ мерзімді капитал тартуға және қосылған құны жоғары жобаларды қаржыландырудың жаңа құралдарын қалыптастыруға аударылды.

SRF Investment Dialogue аясында өткен келіссөздердің негізгі нәтижесі Silk Road Fund Co., Ltd., Холдинг құрылымына кіретін «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ (QIC) және Sturgeon Capital Kazakhstan Ltd. арасында Term Sheet-ке (Келісімге) қол қою болды. Құжатқа QIC Басқарма төрағасының орынбасары Габбас Ержанов қол қойды.

Term Sheet болашақ Қытай-Қазақстан бірлескен инвестициялар қорын құрудың негізгі шарттарын, оның ішінде Қордың нысаналы көлемін, қатысушылардың рөлдерін және инвестициялаудың негізгі бағыттарын айқындайды әрі түпкілікті инвестициялық келісімдерді дайындауға негіз болады.

Құжатқа сәйкес Қордың нысаналы көлемі 200 млн АҚШ долларына дейінгі соманы құрайды. Бірінші кезеңде 100 млн АҚШ долларын тарту жоспарлануда. Қор «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) юрисдикциясында тіркеледі. Қордың инвесторлары Silk Road Fund және QIC болады. Қорды басқаруды Qazaqstan Investment Capital Management Ltd. компаниясымен өзара іс-қимыл жасай отырып, Sturgeon Capital компаниясы жүзеге асырады деп жоспарлануда.

Қор қаражаты Қазақстандағы және Орталық Азияның басқа елдеріндегі перспективалы жобаларға бағытталады. Бұл ретте инвестициялардың кемінде 70%-ын Қазақстандағы жобаларға бағыттау жоспарлануда.

«Қазақстан үшін мұндай Қор құру - жаңа өндірістерді іске қосуға, жұмыс орындарын ашуға және экспорттық әлеуетті арттыруға ықпал ететін нақты жобаларға қосымша ұзақ мерзімді капитал тарту мүмкіндігі. Біз халықаралық инвестициялардың Қазақстан экономикасының дамуына және жаңа өсу нүктелерінің қалыптасуына тікелей ықпал етуіне мүдделіміз. Бұл ретте Қазақстанның халықаралық инвестициялық ынтымақтастыққа қатысуы сапалық тұрғыдан жаңа деңгейге көтерілгенін атап өткен жөн. QIC құрылатын қордың бірлескен бас серіктесі (co-GP) ретінде алғаш рет қатысады. Бұл жетекші шетелдік инвесторлардың QIC құзыреттеріне деген сенімін растайды және Қазақстан мен Орталық Азиядағы жобаларға капитал тарту үшін қосымша мүмкіндіктер ашады», - деп атап өтті «Бәйтерек» холдингі Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Шайхы.

Жаңа инвестициялық тетік Қазақстан экономикасына шетелдік капитал тартудың қосымша құралына айналады және басым секторлардағы жобаларды іске асыру үшін қытайлық және қазақстандық серіктестердің инвестициялық мүмкіндіктерін біріктіруге мүмкіндік береді.

Холдинг халықаралық қаржы институттарымен әріптестікті дәйекті түрде дамытып, инвесторлар мен қазақстандық бизнес арасындағы байланысты қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Холдинг экономиканың нақты секторы жобаларын қаржыландыру, кәсіпкерлікті дамыту, экспортты қолдау және инвестициялар тарту саласында кең тәжірибеге ие.

Халықаралық инвестициялық диалог аясында Холдинг перспективалы жобалар пулын қалыптастыруды жалғастырып, шетелдік инвесторлардың өндірістік қуаттарды, инфрақұрылымды және Қазақстан экономикасының басқа да басым бағыттарын дамытуға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуде.

Анықтама үшін:

Silk Road Fund 2014 жылы құрылған, штаб-пәтері Бейжің қаласында орналасқан. Қордың жиынтық капиталы 40 млрд АҚШ долларын және 100 млрд юаньды құрайды. Қор «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында инфрақұрылымға, энергетикаға, өнеркәсіпке және басқа да бағыттарға инвестиция салады.

Qazaqstan Investment Corporation - тікелей инвестициялар қорларының қазақстандық қоры және «Бәйтерек» холдингінің құрылымына кіреді. QIC портфелінде жиынтық активтерінің көлемі 2,6 млрд АҚШ долларын құрайтын 18 қор бар.

Sturgeon Capital - штаб-пәтері Лондонда орналасқан инвестицияларды басқарушы компания. Компания Орталық және Оңтүстік Азия, сондай-ақ Кавказ нарықтарына маманданған.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар