Сұрақ-жауап
9077 Call-орталығы
А А Экран дикторы

18.06.2025

«Бәйтерек» холдингі мен QIC Қытайдың жетекші технологиялық компанияларымен серіктестік мүмкіндіктерін талқылады

Кеңес ал!

18.06.2025

«Бәйтерек» холдингі Қытайдың жетекші қаржы және инвестициялық институттарымен стратегиялық әріптестікті кеңейтуде

«Бәйтерек» холдингі Қытайдың жетекші қаржы және инвестициялық институттарымен стратегиялық әріптестікті кеңейтуде

2025 жылғы 8–14 маусым аралығында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ делегациясы Холдингтің Басқарма Төрағасының орынбасары Жандос Шайхының басшылығымен Қытай Халық Республикасына жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында Бейжің, Чэнду және Сямэнь қалаларында Қытайдың жетекші қаржы институттарымен, инвестициялық қорларымен және ірі корпорацияларымен келіссөздер өткізілді.

Делегация құрамына Холдингтің еншілес ұйымдарының өкілдері – «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Ботагөз Әбішева, сондай-ақ «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ (QIC) Басқарма Төрағасының орынбасары Ғаббас Ержанов кірді.

Сапардың маңызды бағыттарының бірі – Маңғыстау облысында қуаты 160 МВт болатын бу-газ электр станциясын салу жобасы бойынша Қытайлық серіктестермен келіссөздер жүргізу. Аталған жобаны іске асыруға QIC-дің еншілес ұйымы «BV Management» ЖШС басқаратын Тікелей инвестициялар қоры (20% үлеспен), «Маңғыстау Атом Энергетикалық Комбинаты» ЖШС (10% үлеспен) және қытайлық «Huadian Kazakhstan Energy» компаниясы (70% үлеспен) қатысады. Жобаның жалпы құны 200 миллион АҚШ долларынан асады, оның ішінде қордың инвестициясы 12 миллион АҚШ долларынан жоғары болады.

Сондай-ақ өсімдік шаруашылығы саласындағы арнайы сауда қорын құру мәселесі талқыланды. Бұл қор отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдап, экспорттық әлеуетті арттыруға бағытталады. Қордың мақсатты көлемі 100-ден 500 миллион АҚШ долларына дейін болуы мүмкін. QIC аталған қорда 49%-ға дейін үлеске ие серіктес болады, ал басқарушы компания ретінде BV Management Ltd. белгіленеді.

Бейжің қаласында China Export & Credit Insurance Corporation (SINOSURE), China Development Bank, China Investment Corporation (CIC) және China Construction Bank басшылығымен маңызды кездесулер өтті. Тараптар Қазақстандағы инвестициялық жобаларды қаржыландыру мен сақтандыруды кеңейту, бірлескен инвестициялар механизмін дамыту, сондай-ақ инфрақұрылымдық және өнеркәсіптік бастамаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.

Чэнду қаласында Minyoun Group және Dekon Food & Agriculture Group секілді ірі өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік корпорациялармен кездесулер өтті. Кездесулерде ауыл шаруашылығы, биотехнология және қонақүй бизнесі салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.

Сапардың соңғы кезеңінде Сямэнь қаласында Xiangyu және ITG компанияларымен логистика, экспорт және импорт бағыттарындағы бірлескен бастамалар жөнінде келіссөздер жүргізілді.

«Қазақстан мен Қытай арасындағы қаржы-экономикалық ынтымақтастық жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Қытайлық серіктестердің жоғары сенімі мен бірлескен жобаларға қызығушылығы байқалады. «Бәйтерек» холдингі қазақстандық кәсіпорындар мен қытайлық серіктестер арасында сенімді көпір болуға дайын. Біз өзара тиімді әрі тұрақты әріптестікке қолайлы орта қалыптастыруға ниеттіміз», – деді Жандос Шайхы.

Сапар қорытындысы бойынша тараптар барлық бағыттар бойынша белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға және жақын арада іске асырылуы мүмкін нақты жобаларды бірлесіп пысықтауға келісті.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар