Сұрақ-жауап
9077 Call-орталығы
А А Экран дикторы

30.09.2025

«Бәйтерек» холдингі 500 млн АҚШ долларына еурооблигациялар шығарылымын сәтті орналастырды

Кеңес ал!

26.09.2025

«Бәйтерек» холдингі туризм саласындағы кәсіпкерлерді қолдауды кеңейтеді

«Бәйтерек» холдингі туризм саласындағы кәсіпкерлерді қолдауды кеңейтеді

24-26 қыркүйек аралығында Ақтауда мемлекеттік органдардың, қаржы институттарының, бизнес пен халықаралық ұйымдардың өкілдерін біріктірген Халықаралық туристік форум өтіп жатыр. Пленарлық және панельдік сессияларда қатысушылар саланың инвестициялық әлеуетін, инфрақұрылымды дамытуды, медициналық және оқиғалық туризмді, сондай-ақ шағын және орта бизнесті дамытудағы жаңа мүмкіндіктерді талқылады.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Шайхы форумның пленарлық сессиясында сөз сөйлеп, Холдингтің туризм саласындағы жобаларды қаржыландыру құралдарын ұсынды. Оның айтуынша, «Бәйтерек» холдингі жалпы құны 297 млрд теңгеден асатын жобаларды қаржыландырған, ал құны 630 млрд теңгеден асатын жаңа жобалар пулы қарастырылуда.

Форум аясында «Бәйтерек» холдингі мен Маңғыстау облысының әкімдігі аумақтық аймақтық бағдарламаны жүзеге асыру үшін ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Құжат тараптардың өңірдегі микро-, шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған ниеттерін бекітіп, екінші деңгейлі банктер арқылы кәсіпкерлерді қаржыландыру бойынша бірлескен шараларды көздейді.

«Маңғыстау облысында бизнестің өсу әлеуеті зор. Қол қойылған Меморандум кәсіпкерлерге қаржыландыруға қол жеткізуге, өндірісті кеңейтуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді. «Бәйтерек» өңір туризмін дамытуда сенімді әріптес болуға дайын», – деді Жандос Шайхы.

Келісімді іске асырудың негізгі тетігі – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры оператор болып табылатын «Өрлеу» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы болады. Бағдарлама келесіні қарастырады:

  • инвестициялық жобаларға 7 млрд теңгеге дейінгі несиелер;
  • айналым қаражатын толықтыруға 3,5 млрд теңгеге дейінгі қаржыландыру;
  • сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 12,6%-дан аспайды;
  • мерзімі – инвестициялар үшін 10 жылға дейін, айналым қаражаты үшін 3 жылға дейін.

Бағдарлама туризмді қоса алғанда, басым салаларды қамтиды және қонақүй бизнесін дамытуға, жаңа туристік сервистер құруға, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған.

Холдинг пен Маңғыстау облысы әкімдігінің ынтымақтастығы кәсіпкерлердің туризмді дамытуға белсенді қатысуына, жаңа жобаларды жүзеге асыруына және өңірдің туристік бағыт ретіндегі тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Кәсіпкерлер кеңесті Маңғыстау облысы бойынша «Даму» қорының өңірлік филиалынан ала алады. Мекенжайы: Ақтау қ., 13-ықшамаудан, 55-ғимарат. Байланыс телефоны: +7 (7292) 70 10 51.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар