15.07.2024

«Бәйтерек» холдингі «Тіл – тағылым» интеллектуалды сайысына қатысты

«Бәйтерек» холдингі «Тіл – тағылым» интеллектуалды сайысына қатысты

Астана қаласы әкімдігі Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының  қолдауымен, «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырумен елордада «ТІЛ – ТАҒЫЛЫМ» интеллектуалды сайысы өтті.

Сайыста «Бәйтерек» холдингі және оның еншілес ұйымдарының мамандарынан құралған 8 команда сынға түсіп, бақ сынады. Олардың қатарында: «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Отбасы Банк» АҚ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ, «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ қызметкерлер құрамалары қатысты. 

3 (2).jpg

«Тіл – тағылым» интеллектуалды сайысының мақсаты – мемлекеттік тілді, ел тарихын, салт-дәстүрімізді, ғылым мен өнерді және әдеби мұраларды насихаттау. Ұжыммен жұмыс жасау дағдыларын арттыруға мүмкіндік беретін, сондай-ақ, мамандардың интелектуалдық ой-өрісін дамытатын, зияткерлік ортаның қалыптасуына зор үлес қосатын шара жоғары деңгейде өтті.

Сайыс шарты бойынша қатысушылардың жас ерекшелігі мен лауазымына шектеу қойылған жоқ.

4 (2).jpg

Интеллектуалды сайыс 5 кезеңді қамтыды: 

І. «ТӨРТЕУ ТҮГЕЛ БОЛСА» КІРІСПЕ ТУРЫ

ІІ. «СӨЗЖҰМБАҚ» ҚИСЫН ТУРЫ

ІІІ. «ҚАРА, ТЫҢДА, ОЙЛАН» МЕДИА ТУРЫ

ІV. «БАЙЛАНЫС» ТАҚЫРЫПТЫҚ ТУРЫ

V. «АҚТЫҚ МӘРЕ» СОҢҒЫ ТУРЫ

5 (2).jpg

Әр кезеңде қатысушы командалар мемлекеттік тіл, тарих, салт-дәстүр, Алаш арыстары, әдебиет және мәдениет сынды тақырыптар төңірегіндегі логикаға, медиа форматтағы: аудио, видео материалдарға негізделген сұрақтарға жауап берді. Команда нәтижелері автоматты түрде есептеліп, қорытындысы шығарылды.

6.jpg

Қызу тартыстың нәтижесінде «Отбасы Банк» АҚ-ның құрама командасы жеңімпаз атанса, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ мамандарынан құралған команда – 2 орынды, ал «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ-ның қызметкерлері – 3 орынды иеленді. Интеллектуалды сайыстың жеңімпаздары мен барлық қатысушылары «Руханият» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атынан алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

7.jpg

8.jpg

9.jpg

10.jpg

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар