05.12.2025
- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің Басқарма төрағасы Рустам Карагойшин Пәкістанның TCS Private Limited компаниясының делегациясын бастап келген Директорлар кеңесінің төрағасы Халид Наваз Аванмен кездесу өткізді. Кездесу Холдингтің халықаралық әріптестікті кеңейту, экспорттық әлеуетті арттыру және Қазақстан экономикасының басым бағыттарына инвестиция тарту жөніндегі жүйелі жұмысының аясында ұйымдастырылды.
Тараптар инвестициялық жобаларды қолдау тетіктерін, сондай-ақ логистика, көлік инфрақұрылымы, жаһандық жеткізу тізбектері және азық-түлік қауіпсіздігі салаларындағы ықтимал ынтымақтастық бағыттарын талқылады.
Рустам Карагойшиннің айтуынша, логистика саласындағы халықаралық серіктестікті дамыту экономикалық тұрақтылықты күшейтіп, елдің экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді№
«Инфрақұрылымды нығайтуға және жеткізу тізбектерінің тиімділігін арттыруға бағытталған әріптестіктер біз үшін ерекше маңызды. Холдинг экономикалық тұрғыдан нақты құндылық беретін және мемлекеттік инвестициялық саясаттың басымдықтарына сәйкес келетін бастамаларды қолдауға дайын», — деді ол.
Кездесу барысында Холдингтің даму институттары арқылы ықпалдастықтың ықтимал модельдері қаралды. Әсіресе логистикалық процестерді оңтайландыру, тарату орталықтарын дамыту және қазақстандық өндірушілер үшін көлік дәліздерінің қолжетімділігін арттыруға бағытталған шешімдер талқыланды.
Пәкістан тарапы Каспий теңізі инфрақұрылымын жаңғырту және екі ел арасындағы транзиттік байланысты күшейту бойынша бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі екенін білдірді. Халид Наваз Аван TCS Private Limited компаниясының Пәкістан нарығында Холдинг үшін сенімді әріптес болуға дайын екенін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен іс-қимылдардың жол картасын әзірлеуге және ұсынылған бастамаларды әрі қарай жан-жақты пысықтауға уағдаласты.