19.12.2024
- Холдинг туралы
2024 жылғы 27 сәуірде «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ қызметкерлері еншілес ұйымдармен бірге «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қалалық сенбілікке белсене қатысты. Қаланы тазалау, абаттандыру жұмыстарына холдингтің компаниялар тобының 300-ден астам қызметкері атсалысты.
«Сенбіліктерге қатыса отырып, біз корпоративтік рухты нығайтып қана қоймай, қызметкерлеріміз бен еліміздің азаматтары арасында қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін тәрбиелеуге ықпал етеміз. Бұл біздің қалаларымыз бен жұмыс орындарымыздың тазалығын сақтауға жасалған маңызды қадам, сондай — ақ ESG қағидаттарын іске асыруға деген ұмтылысымыздың жарқын көрінісі», - деп атап өтті «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ аппаратының басшысы Дина Акрачкова.
Айта кетейік, «Бәйтерек» холдингінің ұжымы республикалық және қалалық қоғамдық жұмыстарға үнемі қатысып отырады.