Сұрақ-жауап
9077 Call-орталығы
А А Экран дикторы

19.05.2025

«Бәйтерек» холдингінде жаңартылатын энергетика саласындағы Қытайдың ірі инвесторымен кездесу өтті

Кеңес ал!

17.05.2025

«Бәйтерек» холдингі «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында сенбілікке қатысты

«Бәйтерек» холдингі «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы аясында сенбілікке қатысты

17 мамыр күні «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің қызметкерлері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында өткен сенбілікке қатысты. 

Холдинг өкілдері Нұра-Есіл каналы бойындағы — Ұлы Дала даңғылынан «Нова Сити Южный» тұрғын үй кешеніне дейінгі аумақты тазалады. Акцияның мақсаты - экологиялық жағдайды жақсарту, қалалық кеңістіктерді абаттандыру және көгалдандыру. 

«Экологиялық күн тәртібі еліміздің орнықты дамуы үшін аса маңызды. Мұндай акцияларға қатысу — азаматтық жауапкершіліктің көрінісі ғана емес, сонымен қатар таза әрі қауіпсіз болашаққа қосылған нақты үлес», — деді «Бәйтерек» холдингінің Аппарат басшысы Дина Акрачкова. 

2023 жылы басталған «Таза Қазақстан» бастамасына осы уақытқа дейін 6 миллионнан астам адам қатысқан. Ел аумағында 1,6 миллионға жуық жасыл көшет отырғызылып, 5,8 миллион шаршы метрден астам жағалау аумақтары тазартылды, 1,1 миллион тоннадан астам қалдық жиналды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар