Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы
А А Экран дикторы

27.02.2026

«Бәйтерек» холдингі Түркістан облысында АӨК-ті дамыту мәселелері бойынша кеңейтілген кеңеске қатысты

Кеңес ал!

27.02.2026

«Бәйтерек» холдингі Түркістан облысында АӨК-ті дамыту мәселелері бойынша кеңейтілген кеңеске қатысты

«Бәйтерек» холдингі Түркістан облысында АӨК-ті дамыту мәселелері бойынша кеңейтілген кеңеске қатысты

2026 жылғы 27 ақпанда Түркістан қаласында көктемгі дала жұмыстары қарсаңында өңірдің ауыл шаруашылығы саласын дамыту мәселелеріне арналған кеңейтілген кеңес өтті. Іс-шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков, «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ басқарушы директоры Нияз Көшкімбаев және «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Еркебұлан Жұмжаев қатысты.

Кездесу барысында көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру, ауыл шаруашылығы техникасын лизингке беру мүмкіндіктері және өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін қолдау шаралары талқыланды.

Түркістан облысы – еліміздің жетекші аграрлық өңірлерінің бірі. Мұнда Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өнімінің шамамен 13 пайызы өндіріледі, жыл сайынғы өндіріс көлемі 1,2 трлн теңгеден асады.

«Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау — «Бәйтерек» холдингінің қызметіндегі басым бағыттардың бірі. Еншілес ұйымдарымыз — «ҚазАгроҚаржы» және Аграрлық кредиттік корпорация арқылы біз фермерлерді қолжетімді лизинг және қаржыландыру құралдарымен қамтамасыз етіп келеміз. 2025 жылы Холдинг тобы бойынша АӨК-ке көрсетілген қолдау көлемі 1,1 трлн теңгеден асты. Бұл ресурстардың әрбір өңірге жетуі маңызды, ал бүгінгі кездесу Түркістан облысының аграршыларының нақты қажеттіліктерін тікелей тыңдауға жақсы мүмкіндік беріп отыр», — деп атап өтті Нияз Көшкімбаев.

Кеңес барысында «ҚазАгроҚаржы» АҚ өкілдері өңірдегі фермерлерге көрсетілген қолдау нәтижелері мен 2026 жылға арналған жоспарлар туралы баяндады. 2000 жылдан бері компания Түркістан облысының экономикасына шамамен 103 млрд теңге инвестиция салып, 6 800-ден астам техника бірлігін лизингке берген. 2026 жылы өңірге 19 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр, оның ішінде 7,1 млрд теңгеге өтінімдер қабылданған.

Аграршыларға бірқатар жеңілдетілген лизинг бағдарламалары таныстырылды: жылдық мөлшерлемесі 5–6% және бастапқы жарнасы 0%-дан басталатын «Жеңілдетілген лизинг», отандық техникаға арналған 6%-бен 10 жылға дейінгі мерзімдегі «Қазақстанда жасалған» бағдарламасы, жемшөп дайындау техникасына арналған «Өз жем-шөбіміз», сондай-ақ компанияның меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылатын «Агролизинг» бағдарламасы.

Су тапшылығы өзекті болып отырған өңір үшін суармалы жүйелерді дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. «ҚазАгроҚаржы» су үнемдеу бағытында жаңа лизинг бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отыр. Бағдарлама аясында жаңбырлатқыш қондырғыларды лизингке беру, инфрақұрылым құруға қарыздар ұсыну және заманауи суару жүйелерін кешенді қаржыландыру көзделген.

Еркебұлан Жұмжаев Түркістан облысының фермерлерін қолдау жалғасатынын атап өтті. «Сіздердің еңбектеріңіз – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігінің негізі», — деді ол.

Кездесу соңында аграршылар өз сұрақтарын қойып, саланы дамытуға қатысты ұсыныстарын білдірді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар