Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы
А А

24.04.2026

«Бәйтерек» холдингі RES 2026 EXPO алаңында тұрақты қаржыландыру тетіктерін таныстырды

Кеңес ал!

24.04.2026

«Бәйтерек» холдингі RES 2026 EXPO алаңында тұрақты қаржыландыру тетіктерін таныстырды

«Бәйтерек» холдингі RES 2026 EXPO алаңында тұрақты қаржыландыру тетіктерін таныстырды

22 сәуірде RES 2026 EXPO халықаралық көрмесі аясында «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің өкілдері тұрақты даму, ESG қағидаттары және инфрақұрылымды жаңғырту мәселелеріне арналған негізгі панельдік сессияларға қатысты.

Холдингтің басқарушы директоры Әлия Мырзағалиева «Тұрақты даму көшбасшылары – қалалар мен компаниялар» тақырыбындағы панельдік сессияда сөз сөйледі. Оны «Атамекен» ҰКП-ның Тұрақты даму және ESG жөніндегі кеңесі ұйымдастырды. Сессияға халықаралық бизнес өкілдері, соның ішінде Coca-Cola және The Ritz-Carlton Astana компаниялары қатысты.

Сессияда Холдингтің стратегиясына, инвестициялық қызметіне және басқару процестеріне интеграцияланған Холдингтің жүйелі ESG-тәсілі ұсынылды. Холдинг БҰҰ-ның 17 тұрақты даму мақсатының 15-ін ескеретіні, ал Sustainable Fitch бағалауы бойынша ESG-рейтинг 100 ұпайдың 65-ін алып, "2" деңгейіне дейін көтерілді, бұл ашықтықтың, басқару сапасының артуын және ESG-қағидаттарының интеграциялану тереңдігін көрсетеді.

ESG тәсілдері нақты қаржылық құралдар мен жобалар арқылы жүзеге асырылуда. 2024 жылы Холдинг халықаралық ICMA қағидаттарына сәйкес алғашқы әлеуметтік облигацияларын орналастырып, барлық қамту салалары бойынша парниктік газдар шығарындыларын ашу жүйесін енгізді (Scope 1, 2, 3), сондай-ақ жобалардың «жасыл» ұлттық таксономияға сәйкестігін қамтамасыз етті. Сонымен қатар Холдинг құралдары арқылы 864 фермерлік шаруашылыққа қолдау көрсетіліп, егін өнімділігі орта есеппен 12%-ға артты, ал қамтылған ауыл шаруашылығының жер көлемі шамамен 1,94 млн гектарды құрады.

Экономиканың негізгі секторларындағы ESG жобаларына ерекше назар аударылады. Мәселен, өнеркәсіпте қатты тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын сұрыптау және қайта өңдеу, тұрғын үй секторында — энергия тиімді тұрғын үйді қаржыландыру және "жасыл ипотека" бағдарламасын дамыту, ал агроөнеркәсіптік кешенде — өнімділіктің өсуіне және топырақтың тозуын төмендетуге ықпал ететін суару жүйелерін енгізу бойынша жобалар іске асырылуда.

«Қазіргі таңда ESG – жай ғана ұстаным емес, экономиканы трансформациялаудың нақты құралы. Холдинг үшін бұл инвестициялық саясаттың өзегі. Біз ESG қағидаттарын жобаларды іріктеу мен құрылымдауға енгізу арқылы халықаралық қаржыландыруды тартып қана қоймай, нақты әлеуметтік-экономикалық нәтижелерге қол жеткізіп отырмыз», – деді Әлия Мырзағалиева.

Холдингтің басқарушы директоры Руслан Төлегенов Франция даму агенттігі (AFD) ұйымдастырған «Су ресурстарын тиімді басқару: француздық техникалық және қаржылық шешімдер – 2-бөлім» панельдік сессиясына қатысты. Қатысушылар қатарында SUEZ, Veolia және халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдері болды.

Сессия барысында Холдингтің сумен жабдықтау, жылумен қамту және энергетика салаларындағы инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру тәсілдері таныстырылды. Холдинг «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының қаржы операторы ретінде мәмілелерді құрылымдап, инвестициялар тартуды қамтамасыз етеді. Бұл ретте тікелей және синдикатталған несиелеу, облигациялық қаржыландыру, бюджеттік несиелер мен лизинг құралдары кеңінен қолданылады.

Қазіргі уақытта жалпы сомасы 60,3 млрд теңгеден асатын 20-дан астам жоба қаржыландырылды. 2025 жылы бұл бағыттағы қаржыландыру көлемі 29,3 млрд теңгені құраса, 2026 жылы 31,0 млрд теңгеге жетті. 2029 жылға дейінгі жалпы инвестициялық қажеттілік шамамен 6,7 трлн теңге деңгейінде бағаланып отыр. Бұл жеке және халықаралық капиталды тартуға елеулі мүмкіндік береді.

«Біз халықаралық серіктестер тек оператор ретінде ғана емес, сонымен қатар тең инвестор ретінде қатысатын модель қалыптастырып жатырмыз. Бұл жобаларды тиімді басқаруға және тәуекелдерді барлық қатысушылар арасында теңгерімді бөлуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті Руслан Төлегенов.

RES 2026 EXPO көрмесіне Холдингтің қатысуы оның тұрақты қаржыландыру жүйесін дамытудағы және Қазақстанның экологиялық әрі экономикалық жаңғыруына бағытталған инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудағы маңызды рөлін тағы бір мәрте айқындады.

Анықтама үшін:
RES 2026 EXPO – тұрақты даму мәселелеріне арналған өңірдегі ірі алаңдардың бірі. Көрмеге 30 елден 300-ден астам компания, 1500-ден аса делегат және 20 000-нан астам келуші қатысуда. Іскерлік бағдарлама жасыл энергетика, су ресурстары, айналым экономикасы, ESG және тұрақты қаржыландыру бағыттарын қамтиды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар