Кеңес ал!

03.11.2026

«Бәйтерек» холдингі Qarmet кәсіпорнын жаңғыртуды қолдайды

«Бәйтерек» холдингі Qarmet кәсіпорнын жаңғыртуды қолдайды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қарағанды облысына жұмыс сапары аясында «Бәйтерек» холдингінің Басқарма төрағасы Рустам Карагойшин Теміртау қаласындағы Qarmet металлургиялық комбинатына барды.

Сапар барысында Рустам Карагойшин делегация құрамында конвертер цехының жұмысымен және жаңа кокс батареяларының құрылыс барысымен танысты.

«Бәйтерек» холдингі Qarmet кәсіпорнын жаңғырту бағдарламасын қаржылық сүйемелдеуге стратегиялық тұрғыдан қатысуда. Инвестициялық жобаларды іске асыруға Холдингтің еншілес ұйымдары: «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ, «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ, «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ тартылған.

Осындай жобалардың бірі № 8 және № 9 кокс батареяларын салуды көздейді. Екі кокс батареясының жалпы өндірістік қуаты жылына 1,5 млн тонна құрғақ коксты құрайды. Оларды 2027 жылы пайдалануға беру жоспарланған.

«Бәйтерек» холдингі мен Qarmet арасындағы ынтымақтастықтың тағы бір перспективалы бағыты жаңа сұрыпты прокат станын салу жобасын іске асыру болып табылады. Жоба аясында жылына 540 мың тоннаға дейін сұрыпты прокат шығаратын өндірістік қуаттар құру көзделген. Оны 2026 жылы пайдалануға беру жоспарланған.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа құю-прокат кешені құрылысының басталуын білдіретін естелік тақтаға қол қойды. Бұл жобаны іске асыруға «Бәйтерек» холдингінің қатысуы да жоспарланып отыр. Жоба жаңа өндірістік қуаттар құруға және болаттың премиум түрлерін өндіру көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Осындай жобаларды қолдау Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға, отандық металлургияның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, экономиканың шикізаттық емес секторын дамытуға және Қарағанды облысында жаңа жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар