07.10.2021

«Бәйтерек» холдингі поляк компанияларымен ынтымақтастық орнатуда

«Бәйтерек» холдингі поляк компанияларымен ынтымақтастық орнатуда

Басқарушы директор Мұрат Дәрібаев бастаған «Бәйтерек» холдингі мен еншілес ұйымдарының делегациясы 5 қазанда Варшавада өткен «Польша – Қазақстан» экономикалық форумына қатысты.

 Форумға «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Абай Сарқұлов, Банктің басқарушы директорлары Дастан Ахметов пен Ботагөз Әбішева, сондай-ақ «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Фархат Сәрсекеев, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қанат Жауымбаев делегация құрамында қатысты.

Мұрат Дәрібаев форумның агроөнеркәсіптік кешенге (АӨК) арналған панельдік сессиясында сөз сөйледі. Басқарушы директор поляк әріптестеріне Холдингтің аталған саладағы жобаларға қалай қолдау көрсететіні туралы айтты. Сонымен қатар, ол Холдингтің ауыл шаруашылығы блогындағы реформалар туралы сөз етті.

Сонымен бірге, Мұрат Дәрібаев экономикалық форум аясында Польшаның ірі екі даму институтының басшылығымен кездесу өткізді. Польшаның кәсіпкерлікті дамыту агенттігінің (PARP) Басқарма президенті Миколай Ружицкиймен ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Бұған дейінгі уағдаластықтар шеңберінде «Даму» қорының мамандары тағылымдамадан өтіп, шағын және орта кәсіпкерлік секторының өкілдерін қолдау саласындағы PARP қызметімен, жүргізіліп жатқан аналитикалық және зерттеу жұмысымен танысқан болатын.

Встреча с PARP.JPEG

Сондай-ақ, Холдингтің Басқарушы директоры Ауыл шаруашылығын қолдау ұлттық орталығының (KOWR) өкілі Адриан Гавловскимен кездесті. Орталық Польшаның Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымы болып табылады және елдің ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру өкілеттіктері кең. Бұл даму институтының құзыреті «Бәйтерек» холдингі жұмысының бағыттарына ұқсайды. Холдинг аграрлық азық-түлік тауарларын ілгерілету, жоспарлау мен талдауды дамыту, ауылдық жерлерде білім беру мен ноу-хау, инновацияларды қолдау және дамыту сияқты қызмет бағыттарына қызығушылық танытты. Тараптар АӨК саласындағы бірлескен Қазақстан-Польша жобаларын іске асыру, сондай-ақ тәжірибе алмасу мүмкіндігі туралы келісті.

Встреча с KOWR.JPEG

Сонымен қатар, Холдингтің еншілес ұйымдары – ҚДБ және «Даму» қорының басшылығы Ұлттық шаруашылық банкінің (BGK) Басқарма президенті Беат Дашиньска-Музыкамен ынтымақтастық келешегін талқылады.

Ғасырлық тарихы бар бұл мемлекеттік банк инфрақұрылымдық жобаларды, экспортты, коммуналдық қызметтерді және жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржыландырады. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті ынталандыруды көздейтін кепілдіктер жүйесін әзірлейді. Шағын және орта бизнесті қолдайтын осындай құралы бар «Даму» қоры BGK тәжірибесін зерделеуге дайын екенін білдірді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар