04.05.2021

«Бәйтерек» холдингі Қоғамдық кеңестің құрамын жасақтауда

«Бәйтерек» холдингі Қоғамдық кеңестің құрамын жасақтауда

«Бәйтерек» холдингі Қоғамдық кеңестің құрамын қалыптастырады және үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың, БАҚ және мемлекеттік органдардың өкілдерін конкурсқа қатысуға шақырады.

Холдинг жанындағы Қоғамдық кеңес «Нұр Отан» партиясының «Өзгерістер жолы: әркімге лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасы аясында құрылып отыр.

Осыған байланысты жеті адамнан (олардың екеуі - Холдинг өкілдері), сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың, БАҚ-тың, мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың өкілдері болып табылатын дауыс беру құқығынсыз бақылаушылардан тұратын Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін өтеусіз негізде іріктеу бойынша конкурс жарияланады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері осы хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде қолма-қол немесе Холдингтің электрондық мекенжайына мынадай құжаттарды жолдайды:

Холдингтің Қоғамдық кеңесін қалыптастыру үшін жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Осы нысан бойынша жұмыс тобының құрамына кандидатураны ұсыну туралы азаматтың өтініші >> Қосымша 1 ;

2) Коммерциялық емес ұйымның жұмыс тобының мүшелігіне кандидатура (болған жағдайда) ұсыну туралы жазбаша ұсынысы;

3)  Кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

4) ҚР азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

Байқаушылар тізімін құруға арналған іріктеуге қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Осы нысан бойынша Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа байқаушы ретінде қатысу үшін өтініш >> Қосымша 2 .

Құжаттарды қабылдау мерзімі 2021 жылдың 8 мамырына дейін.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткерлердің құжаттары e-mail-ға қабылданады: hrd@baiterek.gov.kz. Хат тақырыбында «Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі» не «Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурсқа байқаушы» деп көрсетуді сұраймыз.

Пошталық мекенжайы: Z05T3Е2, Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 55А үй, B блогы.

Байланыс телефоны: +7 708 999 43 99, +7 701 743 99 07.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар