28.08.2024

«Бәйтерек» холдингі Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялайды

«Бәйтерек» холдингі Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялайды

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 6-тармағына және қоғамдық Кеңес туралы Үлгілік ереженің 24-тармағына сәйкес Қоғамдық кеңес мүшелерін сайлау бойынша конкурс жариялайды.

Конкурсқа қатысу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары мен коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері шақырылады. Қоғамдық кеңестің сандық құрамына холдингтен 4 өкіл және азаматтық қоғамнан 7 өкіл кіреді.

Ұсынылатын құжаттардың тізбесі:

1.      Коммерциялық емес ұйымның хаты ұсынысы және (немесе) азаматтың Қоғамдық кеңестің құрамына кандидатура ұсыну туралы өтініші (№1 қосымша);

2.      Кандидаттың өмірбаяндық деректерді көрсете отырып, кәсіби және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3.      Соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;

4.      Психикалық, мінез-құлық бұзылыстарының (ауруларының), оның ішінде психоактивті заттарды қолдануға байланысты болуы не болмауы туралы анықтама;

·         Наркологиялық ұйымнан;

·         Психоневрологиялық ұйымнан;

5.      Кандидаттың дербес деректерін жинауға, өңдеуге, таратуға және жариялауға келісім беру.

Құжаттар конкурс жарияланған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 55А үй, В блогы немесе электрондық мекенжайларға: m.bektursunova@baiterek.gov.kz; a.nygmet@baiterek.gov.kz. Анықтама үшін байланыс телефондары: 8 (7172) 91-91-83 немесе 8 (7172) 91-92-10.

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

1.      Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат 18 (он сегіз) жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы бола алады.

2.      Қоғамдық кеңес мүшелігіне Кандидат:

•       Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы болмауы тиіс;

•       Сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп таныған болуға тиіс емес;

•       Психикалық мінез-құлық бұзылыстарына (ауруларына), оның ішінде психоактивті заттарды қолдануға байланысты психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс..

3.      Коммерциялық емес ұйым болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске бір ғана өкіл сайлана алады.

4.      Республикалық деңгейдегі қоғамдық кеңестерді қалыптастыру кезінде бір адам бір ғана Қоғамдық кеңестің мүшесі болып сайлана алады.

Кандидаттар келесі жағдайлардың бірі болған кезде сайлау үшін конкурсқа жіберілмейді:

1.      Заңның 10-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

2.      Заңның 10-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбау;

3.      Дәйексіз ақпаратты қамтитын құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсыну.

Қоғамдық кеңес мүшелерінің қызметі азаматтық қоғамнан өтеусіз негізде жүзеге асырылатынына назар аударамыз.

 

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар