Сұрақ-жауап
7077 Call-орталығы
А А Экран дикторы

30.04.2025

«Бәйтерек» холдингі Нью-Йоркте өткен дөңгелек үстелде Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды

Кеңес ал!

30.04.2025

«Бәйтерек» холдингі Нью-Йоркте өткен дөңгелек үстелде Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды

«Бәйтерек» холдингі Нью-Йоркте өткен дөңгелек үстелде Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін таныстырды

2025 жылғы 28 сәуірде Нью-Йорк қаласында Kazakhstan Finance Day аясында Қазақстанның инвестициялық әлеуетіне арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға жаһандық қаржы нарығының негізгі ойыншылары, инвестициялық қорлар мен халықаралық корпорациялар – Citigroup, Franklin Templeton, Blackstone, JP Morgan, Temasek, MasterCard және Cerberus Capital Management өкілдері қатысты. Шараны Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігі мен Citi бірлесіп ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – халықаралық инвесторлар мен стратегиялық әріптестердің назарын Қазақстанда бірлескен жобаларды, инновацияларды және технологияларды дамыту мүмкіндіктеріне аудару. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Төрағасы Тимур Сүлейменов, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Әбдрахманов, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма Төрағасы Нұрлан Жақыпов және «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Жандос Шайхы қатысты.

Өз сөзінде Жандос Шайхы Холдингтің шикізаттық емес секторды қолдау және экономиканың жаңа қозғаушы күштерін дамыту бағытындағы басымдықтары туралы айтып берді. Оның айтуынша, 2025 жылы Холдинг кәсіпкерлікті дамытуға, тұрғын үй құрылысына және ірі инвестициялық жобаларды іске асыруға шамамен 15,5 миллиард АҚШ долларын бағыттауды жоспарлап отыр. 2027 жылға қарай бұл көлем 19,4 миллиард долларға дейін ұлғаяды.

«ІЖӨ өсімін 7%-ға дейін жеткізу мақсатында біз өңдеуші өнеркәсіп, инфрақұрылым және шағын және орта бизнесті қолдау сияқты нақты секторды қаржыландыруға баса мән беріп отырмыз», – деді Жандос Шайхы.

Спикер сондай-ақ «Бәйтерек» холдингінің алдағы жоспарларымен, соның ішінде «Отбасы банк» АҚ-ның даму перспективасымен және акцияларын бастапқы орналастыруға дайындықпен бөлісті. Сонымен қатар, Холдингтің алғашқы еурооблигацияларын шығару бастамасы таныстырылып, бұл қадам экономиканы қаржыландыру үшін қосымша ресурстар тартуға бағытталғаны айтылды.

АҚШ компанияларымен машина жасау және қайта өңдеу салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселесіне де ерекше назар аударылды. Бұл бағыттар Қазақстанда бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға елеулі әлеуетке ие.

Сондай-ақ Холдинг энергетика және коммуналдық секторды жаңғыртуға бағытталған Ұлттық жобаны іске асыруға қатысу бастамасын таныстырды. Жобаның жалпы құны – 26 миллиард АҚШ доллары. Бұл бастама инфрақұрылымды жаңғыртып, халықты тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің сенімділігімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп күтілуде.

Іс-шара Қазақстанның инвестициялық әлеуетін халықаралық аренада ілгерілету және жаһандық қаржы әрі институционалдық серіктестермен жаңа байланыстар орнату үшін маңызды алаң болды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар