Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы

01.10.2026

«Бәйтерек» холдингі Минскіде Қазақстан мен Беларусь бизнесіне арналған мүмкіндіктерді таныстырды

Кеңес ал!

01.10.2026

«Бәйтерек» холдингі Минскіде Қазақстан мен Беларусь бизнесіне арналған мүмкіндіктерді таныстырды

«Бәйтерек» холдингі Минскіде Қазақстан мен Беларусь бизнесіне арналған мүмкіндіктерді таныстырды

Бәсекеге қабілетті өнім шығару үшін Беларусь технологияларын, Қазақстанның өндірістік мүмкіндіктерін және қаржыландыру құралдарын біріктіру. «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің басқарушы директоры Анна Лукина Минскідегі «ИННОПРОМ» алаңында өнеркәсіптік кооперацияны дамытудың осындай тәсілін ұсынды. «Экспорт архитектурасы: халықаралық бизнес және кооперацияның табысты модельдері» тақырыбындағы баяндамасында ол Холдингтің бірлескен жобаларды өндірісті құрудан бастап сыртқы нарықтарға өнім жеткізуге дейін қалай сүйемелдей алатынын айтып берді.

Екі елдің кәсіпорындары үшін ынтымақтастық технологияларды жергіліктендіруге, жиынтықтауыштар шығаруға және сервистік орталықтарды дамытуға мүмкіндік береді. Бұл ретте жобаның әр кезеңіне өзіне сәйкес қаржы құралы қажет. Капиталға қатысу бірлескен инвесторларды тартуға көмектеседі, кредит беру мен лизинг өндірістік қуаттарды құруды қамтамасыз етеді, ал айналым қаражатын қаржыландыру мен сақтандыру экспорттық келісімшарттардың орындалуын қолдауға мүмкіндік береді. Холдингтің еншілес ұйымдарының мүмкіндіктері осы құралдарды нақты кәсіпорынның қажеттіліктерін ескере отырып біріктіруге жол ашады.

«Бүгінгі міндетіміз елдің инвестициялық портфелін қалыптастыру, жеке капитал тарту және стратегиялық жобаларды инвестициялық идеядан бастап іске асыруға дейін сүйемелдеу болып табылады. Холдинг экспортты бүкіл тізбек бойында дерлік қолдай алады. Инвестициялық кезеңде өндірісті құру немесе жаңғырту қаржыландырылады, содан кейін айналым капиталы мен экспорт алдындағы қаржыландыру, экспорттық және кредиттік тәуекелдерді сақтандыру құралдары іске қосылады. Кәсіпорын үшін тапсырысты қандай қаражат есебінен орындайтынын, төлемді қалай алатынын және қатысушылар арасында тәуекелдердің қалай бөлінетінін алдын ала түсіну маңызды», – деп атап өтті ол.

Спикер бірлескен өндірістің жергілікті жеткізушілердің дамуына қалай серпін бере алатынына жеке тоқталды. Мұндай кооперацияның практикалық негізі қазірдің өзінде бар. Қостанайда «АгромашХолдинг KZ» Беларусьтің ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші «Гомсельмаш» компаниясымен бірлесіп «Есиль» комбайндарын құрастыруды жолға қойды, ал «МТЗ-Казахстан» кәсіпорнында «Беларус» тракторларын өндірумен қатар кабиналар құрастыру да қолға алынған. Осындай жобаларды одан әрі дамыту жаңа компоненттер өндірісін игеруге және қазақстандық шағын және орта бизнесті өндірістік тізбектерге тартуға мүмкіндік береді.

«Ірі жобаның әсері шағын бизнеске де таралуы тиіс. Жаңа өндіріс жергілікті кәсіпорындардың жиынтықтауыштарына, қаптамасына, тасымалдау, жөндеу және басқа да қызметтеріне сұраныс қалыптастырады. Сондықтан жобаны дайындау кезеңінің өзінде қазақстандық жеткізушілердің қандай тапсырыстарды орындай алатынын және оларға қандай қуаттар құру қажет болатынын анықтау керек. «Бәйтерек» холдингі экономикалық тұрғыдан негізделген жобаларға капиталға қатысу мен серіктестер тартудан бастап өндірісті кредиттеу мен экспорттық келісімшарттарды сүйемелдеуге дейін кешенді қолдау көрсетуге дайын. Біз үшін нәтиже – бәсекеге қабілетті өнім, жаңа жұмыс орындары, қазақстандық жеткізушілердің дамуы және сыртқы нарықтарға тұрақты жеткізілімдер», – деп атап өтті Анна Лукина.

Ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарының қатарында қойма және көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту да аталды. Беларусь компаниялары мұндай жобаларға бірлескен инвесторлар, жабдық жеткізушілер және операторлар ретінде қатыса алады. Заманауи қоймалар, соның ішінде тоңазытқыш қуаттарын құру өзара жеткізілімдерді кеңейтуге және ауыл шаруашылығы өнімдерінің ысырабын азайтуға мүмкіндік береді. Қолдау мүмкіндіктері расталған сұраныс пен қаржылық модельді ескере отырып, әрбір жоба бойынша бағаланады.

2025 жылы «Бәйтерек» холдингі 131 экспорттаушыға қолдау көрсетті. Холдингтің компаниялар тобының қолдауын алған кәсіпорындардың экспорт көлемі 1,9 трлн теңгеге жетіп, 2024 жылғы көрсеткіштен екі есе асты.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар