Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы
А А

10.07.2026

«Бәйтерек» холдингі Metlen Energy & Metals компаниясымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Кеңес ал!

10.07.2026

«Бәйтерек» холдингі Metlen Energy & Metals компаниясымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады

«Бәйтерек» холдингі Metlen Energy & Metals компаниясымен ынтымақтастық перспективаларын талқылады

«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ-да Грекияның Metlen Energy & Metals компаниясының делегациясымен кездесу өтті. Тараптар Қазақстанның инвестициялық әлеуетін, сондай-ақ металлургия саласындағы ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары мен бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесуге «Бәйтерек» холдингінің, Қазақстанның Даму банкінің және Metlen Energy & Metals компаниясының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында металлургиялық қалдықтарды қайта өңдеудің заманауи тәсілдері мен айналым экономикасы технологияларын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Metlen компаниясының өкілдері өздерінің гидрометаллургиялық технологияларын пайдалана отырып, металлургиялық қалдықтарды қауіпсіз өңдеуге және олардан бағалы металдарды бөліп алуға маманданған M Circular Metals жаңа бағытының қызметі туралы таныстырды. Компания осы бағыт бойынша Қазақстанда ынтымақтастықты дамыту мүмкіндігін қарастыруда.

Келіссөздер барысында тараптар сондай-ақ Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін, отандық тау-кен металлургия кешенінің әлеуетін, шикізатты өңдеу тиімділігін арттыруға, заманауи экологиялық шешімдерді енгізуге және тұрақты өнеркәсіптік өндірісті дамытуға бағытталған жобаларды іске асыру перспективаларын талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар диалогты одан әрі дамытуға және ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын бірлесіп пысықтауға өзара қызығушылық білдірді.

Анықтама үшін:

Metlen Energy & Metals – әлемнің 40-тан астам елінде қызметін жүзеге асыратын халықаралық өнеркәсіптік-энергетикалық топ. Компания Еуропадағы алюминий өндіруші ірі компаниялардың бірі болып табылады, энергетика, металлургия және стратегиялық маңызды шикізат материалдары салаларында жобаларды іске асырады, сондай-ақ айналым экономикасы мен өнеркәсіптік қалдықтарды қайта өңдеу бағытындағы шешімдерді белсенді түрде дамытып келеді. Компанияның акциялары Лондон қор биржасында айналысқа шығарылған және FTSE 100 индексінің құрамына кіреді.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар