Кеңес ал!

30.06.2025

«Бәйтерек» холдингі мен Xiamen ITG Holding Group ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады

«Бәйтерек» холдингі мен Xiamen ITG Holding Group ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Шайхы қытайлық көпсалалы Xiamen ITG Holding Group Co., Ltd. конгломератының делегациясымен кездесу өткізді. Делегация құрамында Сямынь қаласының мемлекеттік органдарының өкілдері, сондай-ақ ITG Group, ITG Agricultural and Forestry Co. және Xiamen ITG Agricultural Products Co. компанияларының басшылары болды.

Кездесуге сондай-ақ холдингтің еншілес ұйымдарының өкілдері қатысты. Атап айтқанда, «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Габбас Ержанов пен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Аяпбергенов.

Келіссөздер барысында холдинг іске асырып отырған негізгі қолдау құралдары таныстырылды. Тараптар индустриялық және аграрлық жобалар аясында бірлескен жұмыс жүргізу, халықаралық сауданы кеңейту, сондай-ақ екі ел арасындағы инвестициялық бастамаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.

«Қазақстан мен Қытай өзара сенім мен құрметке негізделген сындарлы диалогты дамытып келеді. Сауда, агроөнеркәсіптік кешен және индустриялық өндірістерді жергіліктендіру бағытындағы бірлескен жұмыс нақты нәтижелерге жеткізетініне сенімдімін», — деп атап өтті Жандос Шайхы.

Тараптар Қазақстанның экспорттық әлеуетін арттыруға өзара қызығушылық білдірді. ITG өкілдері бірлескен бастамаларды егжей-тегжейлі пысықтауға дайын екенін растады.

Xiamen ITG Holding Group — Қытайдың ең ірі компанияларының бірі және 2016 жылдан бастап Fortune Global 500 рейтингіне енген. Компания логистика, сауда, қаржы, инвестиция және девелопмент салаларында жұмыс істейді, 10-нан астам елде өкілдігі бар және «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясындағы халықаралық бағдарламаларға белсенді қатысады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар