03.10.2025
- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
2025 жылғы 1 қазанда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нұрболат Айдапкелов халықаралық қайта сақтандыру Swiss Re компаниясының және ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесуге АШМ Қаржы құралдары және микрокредит беру департаментінің директоры Жанар Маханова, Агросақтандыру қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ Swiss Re компаниясының Ауыл шаруашылығы орталығы мен параметрлік қайта сақтандыру бөлімінің жетекшісі Андриссе Мариус Кристиан қатысты.
«Бәйтерек» Холдингі тарапынан басқарушы директор Нияз Көшкімбаев, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Аяпбергенов және Холдингтің Ауыл шаруашылығы және тұрғын үй құрылысы бағдарламалары департаментінің директоры Руслан Төлегенов қатысты.
Талқылау барысында Қазақстандағы агросақтандыру жүйесін одан әрі дамытуға қатысты негізгі мәселелер қаралды. Әсіресе облыстардағы ауыл шаруашылығы жерлерін шағын кварталдарға бөлуге баса назар аударылды. Бұл сақтандырылған шаруашылықтар үшін қолайсыз ауа райы салдарларын неғұрлым әділ әрі тиімді бағалауға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығында қолданыстағы сақтандыру бағдарламаларын жетілдіру және жаңа өнімдерді әзірлеу, агроөндірушілерді климаттық тәуекелдерден егінді сақтандыруға ынталандыру мәселелері талқыланды.
«Әлемдік жетекші қайта сақтандыру компанияларымен бірлескен жұмыс агросақтандыру тиімділігін арттырып, қазақстандық ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қолжетімді әрі сенімді өнімдерді ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл аграрлық сектордың тұрақтылығына және елдің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді, сондай-ақ ауыл шаруашылығының инвестициялық тартымдылығын арттыруға жол ашады», – деді кездесуде Нұрболат Айдапкелов.
Кездесу қорытындысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге және отандық агроөндірушілер үшін агросақтандырудың үздік әлемдік тәжірибелерін енгізуге мүдделілік білдірді.
Анықтама үшін
Қазақстанда 2020 жылдан бері мемлекеттік қолдаумен ерікті агросақтандыру жүйесі жұмыс істейді: сақтандыру сыйақысының 80%-ға дейінгі бөлігі бюджет есебінен субсидияланады. Агросақтандыру саласындағы оператор «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ. Қайта сақтандыру процесіне Swiss Re (Швейцария), XL Insurance Company SE (Франция), Generali (Италия), Liberty Mutual Insurance Europe SE (Люксембург) сияқты жетекші халықаралық компаниялар тартылған.