Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы

19.10.2026

Қонаевта жылына 40 мың тоннадан астам өнім шығаратын ірімшік зауыты салынып жатыр

Кеңес ал!

19.10.2026

«Бәйтерек» холдингі мен KIND инфрақұрылым саласындағы инвестициялық ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын пысықтауда

«Бәйтерек» холдингі мен KIND инфрақұрылым саласындағы инвестициялық ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын пысықтауда

«Бәйтерек» холдингі мен Кореяның шетелдегі инфрақұрылым және қала құрылысы корпорациясының (KIND) жұмыс кездесуінде Қазақстанның инфрақұрылымдық жобаларына кореялық инвестицияларды тарту перспективалары талқыланды. Холдингтің басқарушы директоры Анна Лукина Алматыда өткен кездесуде құрылуы жоспарланып отырған Қазақстан-Корея бірлескен инвестициялық қоры аясында қаржыландыруға ұсынылатын жобаларды таныстырды. Аталған қорды құру туралы келісімге бұған дейін қол қойылған болатын. Кездесуге Qazaqstan Investment Corporation (QIC) Басқарма төрағасы Дидар Қарымсақов, KIND президенті әрі бас директоры Ким Бокхван, Qazaqstan Investment Capital Management (QICM) және Alatau City Authority өкілдері қатысты.

Холдинг делегациясының қыркүйек айында Корея Республикасына сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру аясында Анна Лукина инвестициялық жобалардың алдын ала тізбесін ұсынды. Ол көлік және логистика, газ тасымалдау инфрақұрылымы, телекоммуникация, цифрлық инфрақұрылым, энергетика және медицина салаларын қамтиды.

«Бұл жобаларды одан әрі бірлесіп бағалауға және қор мен кореялық серіктестердің ықтимал қатысуын талқылауға негіз ретінде пайдалануды ұсынамыз. QIC-тегі әріптестерімізбен бірге осы жобаларды одан әрі пысықтау барысында үлестік қаржыландыру және инвестициялық қорлармен ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылауға дайынбыз», – деді спикер.

Ұсынылған бастамалардың қатарында Алматы облысында көлік-индустриялық-логистикалық хаб, Алматы метрополитенінің әуежайға дейінгі екінші желісі, Астанада деректерді өңдеу орталығын салу, сондай-ақ жоғары жылдамдықты интернетке қолжетімділікті кеңейту бар. Тізбеге газ құбырларын жаңғырту және салу, автомобиль жолдарын жаңарту, энергетикалық қуаттарды ұлғайту жобалары да енгізілген. Денсаулық сақтау саласындағы жобаларды дамыту жеке перспективалы бағыт ретінде айқындалды. Олардың әлеуеті салалық талдау қорытындысы бойынша бағаланады. Жобалар дайындық пен сараптаманың әртүрлі сатысында тұр, ал қордың оларға қатысу мүмкіндігі алдағы жұмыс барысында қарастырылады.

«Холдинг еншілес ұйымдары арқылы жобаларды қолдау құралдарын, соның ішінде кредиттеу, лизинг, кепілдік беру, пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау және инвестициялық қорлар арқылы үлестік қаржыландыруды ұсынады. Жобаның ауқымына, дайындық деңгейіне және қаржыландыру құрылымына қарай бірнеше құралды ұштастыра қолдану, сондай-ақ басқа қаржылық серіктестерді тарту мүмкіндігі қарастырылуы мүмкін», – деп атап өтті Холдингтің басқарушы директоры.

Бұл жұмыс Қазақстанның көлік байланыстарын, энергетикалық және цифрлық инфрақұрылымын дамытуға ықпал ететін жобаларға ұзақ мерзімді капитал мен кореялық тәжірибені тарту тетігін қалыптастыруға бағытталған.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар