Сұрақ-жауап
9077 Call-орталығы
А А Экран дикторы

03.07.2025

«Бәйтерек» холдингі мен Италия Елшілігі инвестициялық және экспорттық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады

Кеңес ал!

03.07.2025

«Бәйтерек» холдингі мен Италия Елшілігі инвестициялық және экспорттық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады

«Бәйтерек» холдингі мен Италия Елшілігі инвестициялық және экспорттық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады

2025 жылғы 3 шілдеде «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Тимур Онжанов Қазақстандағы Италия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Антонелло Де Риумен кездесу өткізді.

Келіссөз барысында екі елдің даму институттары арасындағы өзара іс-қимыл форматтары талқыланды. Атап айтқанда, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, экспортты қолдау, бизнесті қаржыландыру және тікелей шетелдік инвестицияларды тарту салаларындағы ынтымақтастық мәселелері қарастырылды.

Тимур Онжанов холдингтің құрылымы мен негізгі қызмет бағыттарын таныстырып, «Бәйтерек» холдингі Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан экономиканы мемлекеттік қолдау шараларының негізгі операторы және қаржылық агенті екенін атап өтті. Сондай-ақ, ол халықаралық байланысты кеңейту мен Италия тарапымен өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығына тоқталды.

Ерекше назар холдингтің еншілес ұйымдарының – Қазақстанның Даму Банкі, Аграрлық несие корпорациясы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры, Қазақстанның экспорттық-кредиттік агенттігі және Qazaqstan Investment Corporation қызметіне аударылды. Кездесу барысында инвестициялық жобаларды іске асыру, экспортты қолдау мақсатында сақтандыру және кепілдік құралдарын пайдалану, сондай-ақ өндірісті жергіліктендіру аясындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды.

Антонелло Де Риу Италия мен Қазақстан арасындағы экономикалық қатынастарды нығайтуға мүдделілігін білдіріп, екі ел үшін басым бағыттар бойынша ынтымақтастықтың жоғары әлеуетін атап өтті.

Тараптар Қазақстан мен Италия арасындағы серіктестікті одан әрі нығайту мақсатында тұрақты диалогты жалғастырып, нақты бастамаларды бірлесе пысықтауға уағдаласты.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар