22.10.2025
- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
20 қазанда «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінде Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Шайхы Қытай Халық Республикасының Гонконг арнайы әкімшілік ауданы Үкіметінің Invest Hong Kong агенттігінің бас директоры Альфа Лаумен кездесу өткізді.
Кездесуге сондай-ақ Invest Hong Kong-ның халықаралық нарықтар, консулдықтар және сауда палаталары жөніндегі аға вице-президенті Винни Чан, ұйымның Қазақстан мен Орталық Азиядағы өкілі Акеркин Ералиева, сондай-ақ «Qazaqstan Investment Corporation» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары Габбас Ержанов қатысты.
Тараптар инвестициялар және капитал нарықтарын дамыту саласындағы Қазақстан мен Гонконг арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Әсіресе, өңдеуші секторға шетелдік инвестиция тарту, қаржыландыру құралдарына қолжетімділікті кеңейту және бизнесті қолдау тәжірибесімен алмасу мәселелеріне баса назар аударылды.
Жандос Шайхы атап өткендей, «Бәйтерек» холдингі – Қазақстанның негізгі даму институты, ол өнеркәсіп, экспорт, шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылығы мен тұрғын үй құрылысы салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.
«Бәйтерек» холдингі халықаралық даму институттарымен әріптестікті кеңейтуге және шетелдік капитал тартуға айрықша мән береді. Гонконгпен өзара іс-қимыл қазақстандық жобаларды жаһандық нарықтарға ілгерілетуге және елдің инвестициялық әлеуетін арттыруға мүмкіндік ашады», – деді Жандос Шайхы.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға өзара мүдделілік білдірді.