19.12.2024
- Холдинг туралы
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінде Қазақстанның Ұлттық валюта күніне және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шара барысында Холдинг пен оның еншілес ұйымдарының қызметкерлерінің ел экономикасын дамытуға бағытталған негізгі жобаларды жүзеге асырудағы елеулі еңбегі аталып өтті. «Бәйтерек» ҰБХ Басқарма төрағасы Рустам Қарағойшин құттықтау сөз сөйлеп, ортақ мақсаттарға жетуде әрбір қызметкердің рөлін ерекше атап өтті.
«Бәйтерек» холдингі – еліміздің қаржы жүйесінің негізгі институты. Біз экономикадағы маңызды бағыттарды: тұрғын үй секторы, агроөнеркәсіптік кешен, кәсіпкерлік және елдің экспорттық әлеуетін қолдаймыз. Холдингтің жетістіктері – бұл сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің және кәсібиліктеріңіздің нәтижесі», – деді Рустам Карагойшин.
Салтанатты рәсім барысында Холдинг пен оның еншілес ұйымдарының 50-ден астам қызметкері әртүрлі марапаттарға ие болды:
· Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы;
· «Қаржы қызметінің үздігі» төсбелгілері;
· Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің Алғыс хаттары;
· Қазақстан Республикасының Ғылым және Жоғары білім министрінің Алғыс хаттары;
· Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрайымының Алғыс хаттары;
· «Бәйтерек» холдингінің Басқарма төрағасының Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттары;
· Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының Алғыс хаттары.
* Сұрақтарға жауап алуды жылдамдату үшін, сұрақты нақты және түсінікті баяндауыңызды өтінеміз. Сұрақты жібермес бұрын, сайттағы материалдарды қарап көргеніңіз жөн, себебі Сіздің сұрағыңызға жауап сол жердеболуы мүмкін.