Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы
А А Экран дикторы

06.03.2026

«Бәйтерек» холдингі мен Экспорттық-кредиттік агенттігі «Экспорттаушылар витринасы» халықаралық цифрлық платформасын іске қосты

Кеңес ал!

06.03.2026

«Бәйтерек» холдингі мен Экспорттық-кредиттік агенттігі «Экспорттаушылар витринасы» халықаралық цифрлық платформасын іске қосты

«Бәйтерек» холдингі мен Экспорттық-кредиттік агенттігі «Экспорттаушылар витринасы» халықаралық цифрлық платформасын іске қосты

«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ еншілес ұйымы — «Қазақстанның Экспорттық-кредиттік агенттігі» АҚ-мен (ЭКА) бірлесіп «Экспорттаушылар витринасы» (https://export.bgov.kz/) платформасын іске қосты. Жаңа ресурс отандық өнімдерді жаһандық нарықтарға шығаруға арналған арнайы құрал ретінде әзірленіп, шетелдік сатып алушыларға бағытталған. Платформа «Made in Kazakhstan» өнімдерінің кеңейтілген каталогын ұсынады, мұнда негізгі назар нақты тауарларға, олардың сипаттамалары мен тұтынушылық қасиеттеріне аударылған.

Экспорттық-кредиттік агенттік өкілдерінің айтуынша, «Экспорттаушылар витринасының» басты ерекшелігі — оның экспортқа бағытталуы. Платформадағы өнімдер бес негізгі сала бойынша жүйеленген: жеңіл, тамақ және химия өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешен өнімдері, металлургия, машина жасау және құрылыс индустриясы.

Іздеу жүйесі әлеуетті сатып алушыларға қажетті өнімді кілт сөздер арқылы оңай табуға мүмкіндік береді. Мысалы, белгілі бір сұраныс енгізілген жағдайда жүйе тиісті санаттағы қазақстандық өндірушілердің барлық ұсыныстарын көрсетеді. Әрбір тауар карточкасында өнімнің толық сипаттамасы мен негізгі техникалық параметрлері берілген. Сонымен қатар пайдаланушы нақты өнімнің карточкасынан бірден өндірушінің жеке парақшасына өте алады.

«Бұл порталға тек біздің агенттік тарапынан тексеруден өткен өндірушілер ғана енгізілген. “ЭКА тексерген” мәртебесі сенімділіктің кепілі болып табылады. Бұл қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік сатып алушылар арасындағы өзара іс-қимыл кезінде тәуекелдерді азайтып, сенімді арттыруға мүмкіндік береді», — деді агенттіктің Басқарма төрағасының орынбасары Мадина Ержанова.

«Экспорттаушылар витринасы» жобасы қазақстандық бизнес пен халықаралық нарықтар арасындағы цифрлық көпірге айналуды мақсат етеді. Платформа жеткізушілерді іздеу процесін жеңілдетіп, шетелде отандық брендтердің танымалдылығын арттыруға ықпал етеді. Бұл бастама «Бәйтерек» холдингінің шикізаттық емес экспортты қолдау және сыртқы экономикалық қызметті цифрландыру жөніндегі стратегиясы аясында жүзеге асырылып отыр.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар