02.10.2020

«Бәйтерек» холдингі мен ЕАДБ интеграциялық жобаларды іске асырудағы ынтымақтастықты кеңейтуде

«Бәйтерек» холдингі мен ЕАДБ интеграциялық жобаларды іске асырудағы ынтымақтастықты кеңейтуде

«Бәйтерек» холдингінің басшысы Айдар Әріпханов Еуразиялық даму банкінің (ЕАДБ) Басқарма төрағасы Николай Подгузовпен кездесіп, интеграциялық сипаттағы ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

Айдар Әріпханов қонаққа «Бәйтерек» холдингі мен оның еншілес ұйымдарының қызметі, көрсетілетін қолдау құралдары туралы егжей-тегжейлі әңгімеледі.

photo_2020-10-02_17-29-00.jpg

          - Еуразиялық даму банкінің Қазақстандағы қызметін дамыту үшін «Бәйтерек» холдингімен ынтымақтастықтың маңызы зор. Холдинг компанияларының қызметі Қазақстаннан тыс жерлерді қамтиды және Еуразиялық одақтың барлық аумағында жүзеге асырылады. Біз бұл қарым-қатынасты тереңдете түсіп, кеңейтуге ниеттіміз, - деді кездесу барысында Николай Подгузов.

Холдингтің ЕАДБ-мен өзара іс-қимылы (Қазақстанның Даму Банкімен іске асырылатын жоба) шеңберінде құны 267,3 млрд. теңге болатын «Сарыарқа» магистралды газ құбырын салу жобасының бірінші кезеңі қаржыландырылды.

photo_2020-10-02_16-56-39.jpg

- «Сарыарқа» газ құбыры – біз үшін маңызды жоба, бүгінде оның құрылысы аяқталды. Енді құрылыстың келесі кезеңі талқылануда, - деп атап өтті Айдар Әріпханов.

Кездесу соңында ЕАДБ басшысы «Бәйтерек» холдингінің басшылығын ағымдағы жылдың желтоқсанында өтетін Бірінші Еуразиялық Конгреске қатысуға шақырды. Жиынның басты оқиғасы ЕАЭО елдері үкімет басшыларының «Экономикалық прагматизм және өзара пайда – Еуразиялық экономикалық интеграцияның негізі» тақырыбындағы пленарлық сессиясы болмақ.

Сонымен қатар, кездесуден кейін ЕАДБ басшысы «Бәйтерек» холдингінің баспасөз қызметіне «Сарыарқа» газ құбырын салу жобасына әрі қарай да қатысатынын хабарлады.

- Қазіргі уақытта біз құрылыстың екінші және үшінші кезеңдерімен танысудамыз. Біз оған қатысатынымызға сенімдімін. Жобаға қатысу тәсілі жақын арада анықталады. Қазақстандағы барлық инфрақұрылымдық жобалар біз үшін аса маңызды, - деді Николай Подгузов.

Бұл ретте, ЕАДБ басшысы «Бәйтерек» холдингімен арадағы ынтымақтастық ауқымды интеграциялық жобаларды іске асыру бағытында жалғасатынын атап өтті.

- Ауқымды интеграциялық жобаларды іске асыру ЕАЭО елдеріндегі өмір сүру сапасын, азаматтардың әл-ауқатын арттырады. Бұлар Ресей мен Қазақстанның шекарамаңы ынтымақтастығы бойынша жобалар, көтерме сауда-тарату орталықтарын дамыту жөніндегі бірлескен жобалар болуы мүмкін. «Бәйтерек» холдингі мен ЕАДБ компаниялары қатысатын жаңа жобалар туралы жақын арада естисіздер деп сенемін, - деп қорытындылады Николай Подгузов.

Анықтама ретінде:

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы Жарлығына сәйкес құрылды. Озық корпоративтік басқару стандарттарына сәйкес келетін және әртараптандыру, жаңашылдықты қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін ұлғайту жолымен Қазақстан экономикасын тұрақты дамыту міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ететін ҚР Үкіметінің басты институты.

Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) қатысушы мемлекеттердің нарықтық экономикасының дамуына, олардың экономикалық тұрғыдан тұрақты өсуіне және өзара сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге жәрдемдесу мақсатында 2006 жылғы қаңтарда Ресей мен Қазақстан құрған халықаралық қаржы ұйымы болып табылады. ЕАДБ жарғылық капиталы 7 млрд. АҚШ долларын құрайды. Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы Банктің қатысушы мемлекеттері болып табылады.

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-ның баспасөз қызметі

8 (7172) 919205

www.baiterek.gov.kz

baiterek.gov.kz@gmail.com

ЕАДБ баспасөз қызметінің байланыс деректері:

Савельев Александр, +7 (985) 765 23 59 (Мәскеу)

Сапаргалиева Азима, +7 (777) 750 00 08 (Алматы)

Горбачёв Сергей, +7 (916) 727 22 00 (Мәскеу)

pressa@eabr.org

www.eabr.org

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар