04.06.2021

«Бәйтерек» холдингі мен «ДОМ.РФ» арасында ынтымақтастық орнатылды

«Бәйтерек» холдингі мен «ДОМ.РФ» арасында ынтымақтастық орнатылды

Бүгін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Әріпханов пен «ДОМ.РФ» АҚ Бас директоры Виталий Мутко Петербург халықаралық экономикалық форумы алаңында іскерлік кездесу өткізді.

Айдар Әріпханов әріптесіне «Бәйтерек» холдингінің Қазақстанда тұрғын үйдің қаржылық қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытындағы қызметін таныстырды. Нақтырақ айтқанда, тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы болып табылатын еншілес компания – «Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы» АҚ жұмысының қорытындылары айтылды.

Тараптар мемлекеттік және салалық бағдарламаларды іске асыру шеңберінде қазақстандық және ресейлік мемлекеттік компаниялардың зерттеулері мен тәжірибесі туралы ақпарат алмасуды көздейтін Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Ипотекалық нарық пен тұрғын үй құрылысын дамытуға және қолайлы қалалық орта құруға арналған қаржы құралдары; тұрғын үйді қаржыландыру секторындағы мемлекеттік және жеке инвесторлардың қызығушылығын арттыратын перспективаларды анықтау, кедергілерді жеңілдету, қиындықтарды жою туралы сөз болып отыр.

- Өткен жылы біз тұрғын үй блогымызды оңтайландырып, бірыңғай тұрғын үй құрылысы операторын құрдық. Жаңартылған Даму стратегиясы қабылданды, ол Сингапурлық housing and Development Board моделіне негізделді. Таяудағы бес жыл бойы осы бағытта дамитын боламыз және болашақта барлық қажетті әлеуметтік және коммерциялық инфрақұрылы бар шағын аудандарды кешенді түрде салумен айналысатын боламыз. Сондықтан біз үшін ДОМ.РФ-мен арадағы ынтымақтастық басым бағыттардың бірі. Қол қойылған Меморандум – біздің ұзақ мерзімді серіктестік қатынасымыздың алғашқы қадамы ғана. Бұл жұмысты кеңейтіп, барлық бағыттар бойынша жүргізетін боламыз, - деп атап өтті Айдар Әріпханов кездесу қорытындысы бойынша.

WhatsApp Image 2021-06-04 at 17.39.08 2 (1).jpeg

Өз кезегінде, Виталий Мутко «Бәйтерек» холдингінің тәжірибесі мол және тұрғын үй құрылысын қолдайтын құралдары да бар екенін, ал Меморандум екі компанияға нақты бағыттар бойынша тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретінін айтты.

- Мысалы, облигациялар шығару –өңірлердегі экономика мен әлеуметтік саланы қолдау үшін үкімет қалыптастырған инфрақұрылымдық мәзірдің бір бөлігі. ДОМ.РФ биыл шығара бастайтын бағалы қағаздарды концессиялық жобаларда пайдалануға болады. Осы механизмге шетелдік қаржы институттарының қызығушылық танытуы оның тиімділігін растап отыр, - деп атап өтті Виталий Мутко.

Естеріңізге сала кетейік, «ДОМ.РФ» АҚ 1997 жылы Ресей Федерациясы Үкіметінің қаулысымен мемлекеттік тұрғын үй саясатын жүргізуге жәрдемдесу үшін құрылған. Тұрғын үй саласындағы бірыңғай даму институты болып табылады, оның қызметінің негізгі бағыттарының бірі – инвестициялар тарту, тұрғын үйдің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, оның ішінде ұзақ мерзімді ипотекалық кредит берудің бірыңғай стандарттарын, нормалары мен рәсімдерін әзірлеп, қолданысқа енгізу арқылы жүзеге асыру.

Петербург халықаралық экономикалық форумы 1997 жылдан бері өткізіліп келеді, ал 2006 жылдан бастап Ресей Федерациясы Президентінің қатысып, басшылық етуімен өтуде. Ұйымдастырушылардың айтуынша, форум соңғы жылдар ішінде іскерлік топтар қарым-қатынас орнататын және Ресейдің, дамушы нарықтар мен жалпы әлемнің алдында тұрған негізгі экономикалық мәселелерді талқылайтын жетекші әлемдік алаңға айналды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар