01.10.2025
- Холдинг туралы
- Тұрақты даму
Кеңес ал!
2025 жылғы 27 қыркүйекте «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Жандос Шайхы Алматы қаласында COSCO SHIPPING LINES (Central Asia) LLC компаниясының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты.
Іс-шара барысында Қазақстан аумағы арқылы контейнерлік жүк айналымын ұлғайтуға қажетті нысандардың құрылысы мен қаржыландыруды қамтитын көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту бастамалары ұсынылды.
Салтанатты рәсім аясында Жандос Шайхы COSCO SHIPPING компаниясының Бас директорымен екіжақты кездесу өткізіп, ынтымақтастықтың болашағын және қазақстандық тараптың халықаралық логистикалық жобаларға қатысу мүмкіндіктерін талқылады.
«Алматыда COSCO SHIPPING LINES (Central Asia) LLC еншілес компаниясының құрылуы стратегиялық маңызға ие: ол Қазақстанның транзиттік әлеуетін арттырудағы маңызды буынға айналып, экспорттық-импорттық бағыттардың кеңеюіне және елдің көлік саласының бәсекеге қабілеттілігінің артуына ықпал етеді», – деді Жандос Шайхы.
Анықтама үшін
COSCO SHIPPING – әлемдегі ең ірі кеме қатынасы корпорациясы әрі Қытайдың жетекші мемлекеттік компанияларының бірі. Компанияның жүк көтерімділігі 110 млн дедвейттен асатын 1300-ден астам кемесі бар. Жыл сайынғы тасымал көлемі 1,3 млрд тоннадан асады, ал қызмет көрсету желісі 160-тан астам ел мен өңірді қамтиды. COSCO SHIPPING контейнерлік тасымалдар нарығында жетекші орынға ие болып, жаһандық логистика мен теңіз инфрақұрылымын дамытудың драйвері саналады.