11.10.2024
- Холдинг туралы
Бүгін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-да Қытайдың China Huadian Corporation корпорациясымен кездесу өтті.
Кездесу барысында Маңғыстау облысында қуаты 160 МВт бу-газ қондырғысын салу бойынша энергетика саласындағы жаңа жоба талқыланды. Бұл жобаны іске асыру үшін Қазақстан мен Қытай арасында бірлескен кәсіпорын құрылды. Жобаның құны 190 миллион АҚШ долларын құрайды. «Бәйтерек» холдингі бұл жобаны өзінің еншілес ұйымдары –»Qazaqstan Investment Corporation» АҚ және «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ арқылы қолдауға дайын екендігін білдірді.
Сондай-ақ, 2024 жылғы 2 шілдеде Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесінде, Холдинг пен China Huadian Corporation еншілес ұйымы – China Huadian Overseas Investment Co Ltd арасында Қазақстан Республикасы бойынша энергетикалық жобаларды іске асыру бағытындағы ұзақ мерзімді стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.
«Біз China Huadian Corporation корпорациясымен ынтымақтастығымызды кеңейтуге қуаныштымыз. Аталған жоба мен жасалған меморандум Қазақстанның энергетикалық секторын тұрақты дамыту бағытындағы маңызды қадамдар болып табылады. Біздің серіктестігіміз энергетика нысандарын жаңғырту және инновациялық технологияларды енгізу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Ортақ күш-жігер елдеріміз арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтып, экологиялық таза энергетиканың дамуына ықпал етіп, елеулі нәтижелерге әкелетініне сенімдіміз», - деп атап өтті «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарма төрағасы Рустам Карагойшин.
Сондай-ақ, «Бәйтерек» қытайлық серіктестерімен бірлесіп, көмір генерациясы объектілерін жаңғырту жобаларын іске асыруға дайын және Қазақстан мен Қытайдың қаржы институттары арасындағы инвестициялық әріптестікпен қатар ғылыми әріптестікті де дамытуға ашық екенін білдірді.
Анықтамалық ақпарат:
China Huadian Corporation электр және жылу энергиясын өндірумен және жеткізумен айналысатын Қытайдың мемлекеттік корпорациясы болып табылады. Қазіргі уақытта корпорацияда жалпы бақылаудағы белгіленген қуаты 200 ГВт-тан асатын электр станциялары бар, олардың 47%-дан астамы су электр станциялары (ГЭС), жел электр станциялары (ЖЭС) және күн электр станциялары (СЭС) сияқты жаңартылатын энергия көздерін өндіретіни энергия блоктары.