Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы
А А

17.06.2026

«Бәйтерек» холдингі мен Bank of China қаржылық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады

Кеңес ал!

16.06.2026

«Бәйтерек» холдингі мен АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі қаржы корпорациясы инвестициялық ынтымақтастық перспективаларын талқылады

«Бәйтерек» холдингі мен АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі қаржы корпорациясы инвестициялық ынтымақтастық перспективаларын талқылады

15 маусым күні Астанада «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингінің Басқарма төрағасы Рустам Қарагойшин АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі қаржы корпорациясының (U.S. International Development Finance Corporation, DFC) Бас атқарушы директоры Бен Блэкпен кездесу өткізді. Тараптар Қазақстан экономикасының басым бағыттарындағы инвестициялық ынтымақтастықтың келешегі мен өзара іс-қимылдың ықтимал форматтарын талқылады.

Кездесуге қазақстандық тараптан «Бәйтерек» холдингінің Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Онжанов, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарма төрағасы Марат Елібаев және «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ Басқарма төрағасы Дидар Кәрімсақов қатысты. Америка тарапынан DFC Бас атқарушы директоры Бен Блэк, АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джули Стаффт, DFC аппаратының басшысы Конор Коулман және АҚШ-тың Қазақстандағы Елшілігінің Экономикалық бөлім басшысының орынбасары Гордон Вуд қатысты.

Кездесу барысында Рустам Қарагойшин холдингтің негізгі міндеттері мен қызмет бағыттарын таныстырып, кәсіпкерлікті қолдау және инфрақұрылымдық жобаларды дамыту салаларындағы жұмысына тоқталды. Өз кезегінде DFC өкілдері корпорацияның инвестициялық басымдықтары ретінде энергетика, инфрақұрылым, телекоммуникация, цифрлық технологиялар және жасанды интеллект бағыттарын атады.

«Бәйтерек» холдингі Қазақстан экономикасының басым секторларына инвестициялар тарту мақсатында халықаралық серіктестік аясын жүйелі түрде кеңейтіп келеді. Біз DFC-мен инфрақұрылым, энергетика, агроөнеркәсіптік кешен және цифрлық технологиялар салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға мүдделіміз. Институттарымыздың әлеуетін біріктіру инвестициялық жобаларды қолдаудың жаңа тетіктерін қалыптастыруға және жеке капитал тартуға мүмкіндік береді деп сенемін», – деді Рустам Қарагойшин.

Талқылау барысында жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту және америкалық технологиялық компаниялармен ықтимал ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар тараптар бірлесіп қаржыландыру тетіктерін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік қағидаттары негізінде инвестициялық жобаларға қатысу мүмкіндіктерін және жеке капитал тарту мәселелерін қарастырды. Бірлескен жұмыстың перспективалы бағыттары ретінде стратегиялық маңызы бар минералдық ресурстар, ауыл шаруашылығы, энергетика және ірі инфрақұрылымдық жобалар аталды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға өзара қызығушылықтарын растады және даму институттары мен жеке инвесторлардың қатысуымен перспективалы жобаларды бірлесіп пысықтауды жалғастыруға уағдаласты.

Анықтамалық ақпарат

«Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ – ел экономикасының түрлі салаларында инвестициялық жобаларды іске асыруға қаржылық және институционалдық қолдау көрсететін Қазақстанның даму институты.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар