10.12.2021

«Бәйтерек» холдингі мемлекеттік тілді кеңінен қолданғаны үшін алғыс хатпен марапатталды

«Бәйтерек» холдингі мемлекеттік тілді кеңінен қолданғаны үшін алғыс хатпен марапатталды

«Бәйтерек» холдингі мемлекеттік тілді интернет-ресурстарда кеңінен қолдануға қосқан үлесі үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі Тіл саясаты комитетінің Алғыс хатымен марапатталды.

Тілдік ахуалды талдау және мониторингілеу комитетінің жобасы шеңберінде мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың ресми веб-сайттары зерттелді. Нәтижесінде төрт ұйым алғыс хаттармен марапатталды, соның ішінде «Бәйтерек» холдингі де бар.

Холдингтің ресми веб-сайтының қазақ тіліндегі нұсқасы басқа тілдік нұсқалармен толық сәйкестендірілген, сондай-ақ бірегей материалдармен толықтырылған. Пайдаланушылар сұрақтарды мемлекеттік тілде «сұрақ-жауап» бөліміне жолдай алады және құзыретті жауаптар ала алады.

Сонымен қатар, Холдингтің әлеуметтік желілердегі парақшалары қазақ тілінде жүргізілуде.

Бұған қоса, Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Бәйтерек» холдингі челлендж ұйымдастырып, оған Холдинг пен еншілес ұйымдардың басшылығы мен қызметкерлері қатысты. Челендждің мақсаты танымал ақындардың өлеңдерін мемлекеттік және басқа тілдерде бейне үндеуде оқу болып табылды.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Официальный сайт Первого Президента Республики Казахстан - Елбасы Нурсултана Назарбаева
  • Официальный сайт Президента Республики Казахстан
  • Парламент Республики Казахстан
  • Официальный информационный ресурс Премьер-Министра Республики Казахстан
  • Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
  • Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар