Қазақстан Испаниямен машина жасау, ауыл шаруашылығы және су ресурстарын басқарудағы ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті. Бұл туралы Қазақстан-Испания Іскерлік кеңесінің 7-отырысында «Бәйтерек» холдингінің Басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев айтты.
Форумда Қазақстаннан 150-ге жуық қатысушы және Испаниядан 35-ке жуық қатысушы болды. Холдинг басшысы мұндай іс-шаралар қазақстандық және испандық бизнес арасындағы қарым-қатынасты тереңдетуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Өткен жылы екі ел арасындағы сауда айналымы айтарлықтай өсті.
«Қазіргі таңда екі ел арасындағы өзара сауда айналымы шамамен 2,5 млрд еуроны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда өсімнің 42%-ға жуығы. Біз Испаниямен сауда және инвестициялық қарым-қатынасымызды үнемі
арттырып отырамыз», - деді Қанат Шарлапаев.
Сондай-ақ, кездесу аясында Қазақстан үшін бірқатар басым бағыттар бойынша келіссөздер жүргізілетінін айтты. Олардың шеңберінде қазақстандық тарап экономиканың басым салаларында екіжақты инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту үшін екі елдің бәсекелі артықшылықтарын пайдалануды қолдамақшы.
«Испандық компаниялар, бірінші кезекте, жабдықты жеткізу бойынша негізгі технологиялық серіктестеріміз болып табылады. Біз Испандық компаниялардың қазақстандық бизнестің технологиялық серіктестері болуы үшін келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бұл негізгі үш салада жүзеге асады. Кеңес аясында біз бірқатар келіссөздер жүргізетін боламыз, олар су тазарту құрылысжайлары бойынша, ауыл шаруашылығы, су ресурстарын басқару және машина жасау саласындағы кооперациямызды дамыту бойынша жүргізіледі», - деп толықтырды Холдинг басшысы.
Жалпы, оның айтуынша, Еуропалық одақ экономикалық өзара іс-қимыл тұрғысынан Қазақстанның ең ірі серіктестерінің бірі болса, ал Испания осы ынтымақтастық аясындағы маңызды серіктестердің бірі болып табылады. Мәселен, Стратегиялық кооперация бойынша екінші келісім Испания жасалды.
Сондай-ақ, Холдинг басшысы қазақстандық тарапта ынтымақтастықтың негізі болатын жобалар жеткілікті екенін атап өтті. «Біз үшін өзіміз ұсына алатын нәрсе ғана емес, сонымен қатар испан жағы бізге не ұсына алатыны да маңызды. Испандық инвесторлармен өзара іс-қимылдан мыналарды күтеміз: біріншісі - технологиялық сараптама, екіншіс - инвестордың өзі мәлімдеген салада жұмыс тәжірибесінің болуы, үшіншісі - өзінің қатысуы. Осы талаптар орындалған кезде ғана біз не борыштық капиталға, не акционерлік капиталға қатысуды, не экспорттық қаржыландыру шеңберінде қолдауды ұсынатын боламыз. Біз үшін ең маңыздысы - бізге келетін инвестордың өзі толық қатысатын, технологиялық
сараптамасы бар толыққанды инвестор болуын қамтамасыз ету», - деп атап
өтті Холдингтің Басқарма төрағасы.
Өз кезегінде, Испанияның сауда жөніндегі мемлекеттік хатшысы Шиана Маргарида Мендос Бертоло Қазақстан-Испания ынтымақтастығының негізгі аспектілерін атап өтті. Ол Қазақстанда испандық инвесторлардың
қатысуымен салынған көптеген кәсіпорындар жұмыс істейтінін еске салды.
«Қазақстандық және испандық бизнес арасында көптеген табысты кейстер бар. Испандық бизнес үшін Қазақстан өте маңызды нарық болып табылады. Испандық компаниялар Қазақстанға ЖЭК бойынша ынтымақтастықты ұсына
алады. Бүгінгі кеңестің мақсаты – екіжақты сауданы ілгерілету, кедергілерді анықтап, оларды жою жолдарын белгілеу. Біз Қазақстанның экономикалық өсудегі әлеуетін көріп отырмыз. Сіздердің стратегияларыңыз орнықты
құрылымдарға, заманауи технологиялар мен тәжірибеге бағытталған», - деп атап өтті Шиана Маргарида Мендос Бертоло.
Еуропа мен Азия логистикалық дәлізі аясында Қазақстан Қытай сияқты елдерге кіру үшін өте маңызды нарық болып табылатынын атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан тұрақты даму, экспортты әртараптандыру үшін құндылықтар қалыптастыруда Испания үшін транзиттік ел, негізгі бағыт, платформа ретінде әрекет етеді. Өз кезегінде, испандық компаниялар осы қатынастарды жақсарту үшін жоғары технологиялық жабдықты ұсына алатынын айтты.
Испанияның сауда жөніндегі мемлекеттік хатшысы бүгінгі отырыс бірлескен жобаларды одан әрі дамытатынына және экономикалық байланыстарды нығайтатынына сенім білдірді. «Біз пандемияға дейінгі нәтижелерге қол жеткіздік және үкіметтеріміз экономикалық байланыстарымызды, экологиялық ауысулардың аспектілерін, сондай-ақ көлік пен гендерлік теңдікті одан әрі дамытуға ықпал етуде. Біз климаттың өзгеруімен күресеміз, жағдайы төмен адамдарға қатысты тең құқықты дамытамыз. Ынтымақтастық арқылы біз жоғары салық түсімдеріне қол жеткізе аламыз. 2023 жылы өсім 5% құрады және бұл өте жоғары экономикалық көрсеткіш, бұл халықаралық тұрғыдан өте маңызды», - деп толықтырды Шиана Маргарида Мендос Бертоло.
Шетелдік қонақ сөзінің соңында айтқандай, испандық компаниялар қазақстандық серіктестермен жемісті ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті. Форум жұмысына екі елдің жоғары лауазымды өкілдері қатысты, олардың
қатарында Испания Сауда палатасының Бас директоры Инмакуладу Риеру, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі және Қазақстан-Испания үкіметаралық комиссиясының тең төрағасы Қайрат Төребаев, MAXAM президенті және Іскерлік кеңестің испандық тең төрағасы Хосе Мануэль Варгас және тағы да басқалар бар.