Сұрақ-жауап
1408 Call-орталығы
А А

14.08.2026

«Бәйтерек» холдингі Маңғыстау облысындағы ірі инвестициялық жобалармен танысты

Кеңес ал!

14.08.2026

«Бәйтерек» холдингі Маңғыстау облысындағы ірі инвестициялық жобалармен танысты

«Бәйтерек» холдингі Маңғыстау облысындағы ірі инвестициялық жобалармен танысты

«Бәйтерек» холдингінің басқарушы директоры Айдын Ақан еншілес ұйымдардың өкілдерімен бірлесіп Маңғыстау облысындағы бірқатар ірі инвестициялық жобаларды аралады. Жұмыс сапары аясында Холдинг өкілдері өнеркәсіп, энергетика және көлік-логистика инфрақұрылымы салаларындағы жобалардың іске асырылу барысымен танысты. Жобалардың ағымдағы жай-күйіне, оларды одан әрі іске асыру жоспарларына, сондай-ақ жобалық компаниялармен және серіктестермен өзара іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сапар барысында делегация «ҚазАзот» АҚ кәсіпорнында болып, оның өндірістік қызметімен және жаңа KazAzot Prime аммиак-карбамид кешенін салу жобасының іске асырылу барысымен танысты. Кәсіпорын басшылығымен және EPC-мердігер Wuhuan Engineering компаниясының өкілдерімен жұмыс кездесулері өткізіліп, жобаны іске асырудың ағымдағы мәселелері, одан әрі өзара іс-қимыл және ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Жаңа кешеннің өндірістік қуаты жылына 660 мың тоннаға дейін аммиак, шамамен 580 мың тонна карбамид және 500 мың тонна аммиак селитрасын құрайды. Нысанды пайдалануға беру 2029 жылға жоспарланған.

Сондай-ақ делегация Ақтау қаласындағы Каспий құбыр зауытының құрылыс алаңын аралады. Кәсіпорын үлкен диаметрлі болат құбырлар өндіруге маманданатын болады. Зауыттың жоспарланған өндірістік қуаты жылына 150 мың тоннаға дейін өнім шығаруды көздейді, бұл ретте диаметрі 1 420 мм-ге дейінгі құбырларды өндіру мүмкіндігі қарастырылған.

Бұдан бөлек, Холдинг өкілдері Ақтау энергетикалық компаниясының қуаты 160 МВт бу-газ электр станциясын салу жобасымен танысты. Станцияны пайдалануға беру 2027 жылғы шілдеге жоспарланған.

Жұмыс сапарының қорытынды нысаны Құрық ауданындағы «Саржа» көпфункционалды теңіз терминалы болды. Мұнда делегацияға терминалдық, көлік-логистикалық және қайта тиеу инфрақұрылымын дамыту барысы, сондай-ақ нысанды Транскаспий халықаралық көлік бағытының стратегиялық жобасын іске асыруға дайындау жұмыстары таныстырылды.

Жұмыс сапары аясында Холдинг өкілдері «Бәйтерек» холдингінің даму институттарының қолдауымен іске асырылып жатқан Маңғыстау облысындағы ірі инвестициялық жобалардың ағымдағы жай-күйімен танысып, жобалық компаниялармен және серіктестермен одан әрі өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Қосымша жаңалықтар

іс-шаралар
күнтізбесі

?

Іздегеніңізді
таппадыңыз ба?

  • Қазақстан Республикасы Президентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ресми интернет-ресурсы
  • Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған электронды ресурстар